- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
2025 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің алқа отырысы өткізілді
2025 жылғы 29 қазанда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің алқа отырысы бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларының қатысуымен өткізілді. Отырыста 2025 жылдың 9 айындағы қызметтің қорытындылары және 2025 жылдың 4-тоқсанына арналған міндеттер қаралды.
Отырыста Комитет департаменттері директорлары ведомство қызметінің мына бағыттары бойынша баяндама жасады, атап айтқанда: мемлекеттік кірістердің табыс бөлігінің орындалуы, салықтық және кедендік әкімшілендіру, ірі салық төлеушілерді әкімшілендіру, ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру, аудит және берешек мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы «көлеңкелі» экономиканы азайтуға және салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге бағытталған кешенді шараларды қабылдау арқылы бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін орындалуы тиіс алдағы міндеттер айқындалды.
- 30.10.2025
- 9
 
                 
                                

