- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Біржан сал ауданының Степняк қаласында және Бұланды ауданының Партизанка ауылында жаңа медициналық нысандар ашылды
Ақмола облысында екі жаңа медициналық мекеменің салтанатты ашылуы өтті - Біржан сал ауданының Степняк қаласында заманауи аудандық аурухана мен емхана және Бұланды ауданының Партизанка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт өз жұмысын бастады. Бұл нысандар ауылдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуда маңызды қадам болды.
Степняк қаласында жаңа үлгідегі үш қабатты аурухана пайдалануға берілді. Медициналық кешен қазіргі заман талаптарына сай жобаланып, сапалы әрі жайлы медициналық көмек көрсетуге арналған барлық жағдайлармен қамтылған. Бір ғимаратта терапиялық, хирургиялық, педиатриялық бөлімдер, күндізгі стационар және тәулігіне 200 адам қабылдай алатын емхана орналасқан. Бір-бірімен галереялар арқылы байланысқан төрт блок пациенттер мен қызметкерлердің еркін қозғалысын қамтамасыз етеді.
Мекемеде диагностика, емдеу және оңалтудың толық циклі ұйымдастырылған: жарық әрі кең кабинеттер, заманауи медициналық жабдықтар және білікті мамандар жұмыс істейді. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ кешенді тексеруден өтіп, мамандар кеңесін алып, сапалы ем қабылдай алады.
- 04.11.2025
- 7


