- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Астанада ЕТДҚ штаб-пәтері ашылды
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі халықаралық және өңірлік қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуға мән беріп келеді. Мұндай серіктестіктерді нығайту Астана қаласының өңірдегі қаржы және талдау орталығы ретіндегі рөлін арттыруға әсер етеді.
Айталық, бас қалада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылды. Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук және ЕТДҚ басқарушы директоры Андрей Широков қатысты.
Аталған штаб-пәтер қордың қаржылық тұрақтылықты қолдаудағы рөлін нығайтып, Еуразия аймағындағы елдерде даму бағдарламаларын іске асыруға ықпал ететін басқару мен талдау орталығына айналады.
ҚР Қаржы министрлігі ЕТДҚ және басқа да халықаралық серіктестермен өзара ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Мұндай әріптестік орнықтылықты арттырып, еліміздің одан әрі дамуына әсер етеді.
- 08.11.2025
- 14


