• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
"Астана – есірткісіз қала": елордада кең ауқымды профилактикалық акция өтті

Елордада полиция жастар арасында есірткі қаупінің алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді

Осы мақсатта Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Астана қаласы полиция департаменті жанындағы есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуымен "Астана – есірткісіз қала" атты кең ауқымды акция өтті.

Кеңес құрамына танымал спортшылар, актерлер, өнер қайраткерлері мен блогерлер — жастар арасында беделге ие тұлғалар кіреді. Шара барысында дәрігер-нарколог студенттерге психоактивті заттардың адам денсаулығына тигізетін зияны мен тәуелділіктің қауіпті зардаптары туралы түсіндірді. Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтау, тарату және қолданғаны үшін көзделген қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілік туралы айтып, заңды сақтау мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Шақырылған спикерлер өздерінің өмір жолдары мен табысқа жету тәжірибесімен бөлісіп, бүгінгі жастардың спортта, өнерде және кәсіби салада өзін-өзі дамытуға кең мүмкіндігі бар екенін айтты. Сондай-ақ студенттерді болашағына нұқсан келтіретін зиянды әдеттерден аулақ болуға және өз әлеуетін пайдалы арнаға бағыттауға шақырды.

Акция аясында арнайы жасақ және кинологиялық қызмет өкілдері қатысушыларға көрсетілімдік нөмірлер ұсынып, өздерінің кәсіби шеберлігін көрсетті. Профилактикалық жұмыс бағытындағы іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері елордада жастармен 600-ден астам кездесу ұйымдастырылып, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізілді. Сонымен қатар жастар белсенділерінің қатысуымен жүргізілген рейдтер барысында 2000-ға жуық есірткі жарнамасы жойылды.

Полиция департаменті "Астана – есірткісіз қала" кешенді жоспарын іске асыруды жалғастырып келеді. Оның басты мақсаты — есірткі қылмыстарын болдырмау және жастар арасында профилактикалық мәдениетті қалыптастыру. Есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі кеңес өз құрамын кеңейтіп, жаңа медиа тұлғалар мен пікір көшбасшыларын тарта отырып, жастар мен қоғам арасында салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттауға үлес қосуда.

 

  • 12.11.2025
  • 10
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика