• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай: Болашақта Қарақия ауданы республикадағы ең дамыған аудан болады деп ойлаймын

12 қараша күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі Сымбат Төретаев ауданның 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндама жасады.

Қарақия ауданы – Маңғыстау облысының экономикалық және инфрақұрылымдық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан ірі өңірлерінің бірі. Аудан аумағында өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл және балық шаруашылығы, сондай-ақ туризм салалары өркендеуде. Мұнда 36 мыңнан астам халық тұрады. Соңғы жылдары ірі инвестициялық жобалар іске асып, жаңа өндіріс орындары мен инфрақұрылым нысандары салынуда.

Сымбат Төретаевтың мәліметінше, биыл ауданға 222,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Ауыл шаруашылығы саласында Қарақия ауданында 580 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Биыл 25 шаруа қожалығы 165 гектар жерге егін егіп, олардан 3 мың тонна өнім алынды. Сонымен қатар жайылым жердегі төрт түлікті суару үшін, ауданға қарасты елді мекендерден 9 құдық қазылған.

Балық шаруашылығы бағытында «Органик Фиш» компаниясы 12 млрд теңгелік жобаны іске асырып, теңізде албырт өсіру жұмыстарын бастады. Сонымен қатар 50 тонна бекіре өсіруге арналған жоба да қолға алынған.

Ауданда кәсіпкерлік пен туризм салалары да қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда 2 274 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Биыл 6 жаңа нысан ашылып, шағын және орта бизнес өнімдерінің көлемі 16 млрд теңгеге жеткен. Туризм бағыты бойынша ауданның табиғи көрікті жерлерін дамыту бағытында «Бозжыра» және «Бекет ата» бағыттарында визит орталықтары мен қонақ үй кешендерінің құрылысы қолға алынған. Сондай-ақ логистика саласында Құрық порты мен темір жол желісі арқылы биыл 4 млн тоннаға жуық жүк тасымалданған.

Халықтың өмір сапасын арттыру бағытында бірнеше инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Құрық ауылында тәулігіне 10 мың текше метр су өндіретін жаңа су тұшыту зауытының бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Сондай-ақ 350 млн теңгеге су резервуарының құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бөлек 2025-2028 жылдары Қарақия ауданында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Құрық ауылында қуаттылығы 100 МВт жел электр станциясы, табиғи тас өңдеу зауыты, сұйытылған табиғи газ өндіру зауыты және метанол өндіру зауыты салынбақ. Сондай-ақ Каспий теңізінде кеме жасау және жөндеу верфін тұрғызу жобасы қолға алынуда.

Әкіммен кездесу барысында тұрғындар жұмыспен қамту, шағын кәсіпті дамыту, спорт, денсаулық сақтау және өзге де әлеуметтік мәселелерді көтерді. Өңір басшысы әрбір сұраққа жеке тоқталып, мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

- «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында өңірге инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жақында Премьер-Министрдің қатысуымен канадалық екі ірі компаниямен келісім жасадық. Нәтижесінде 2 жоба да Қарақияда жүзеге асады. Болашақта Қарақия ауданы республикадағы ең дамыған аудан болады деп ойлаймын. Өйткені әлеуеті жоғары. Ал бүгінгі кездесуде айтылған мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Біздің басты мақсатымыз – халықтың тұрмыс сапасын арттыру», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кездесу соңында облыс әкімі жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті басқармалар мен аудан әкімдігіне тапсырмалар жүктеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 13.11.2025
  • 6
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика