- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ҒАЗИЗ НАДУЕВ: МАҢҒЫСТАУДА 22 НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙЛАСТЫРАТЫН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ЖИЫНДАРҒА РҰҚСАТ ЖОҚ
Маңғыстауда 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орайластыратын жалпыхалықтық жиындарға рұқсат жоқ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
Оның айтуынша, 17 наурыз күні өңірдегі коронавирус инфекциясы бойынша репродуктивті көрсеткіш 1,05 құрады. Осыған байланысты, барлық мерекелік шараға тыйым салынған.
«Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында алдағы мейрамға қарсы қатаң локдаун жарияланды. Біз де сақтық шараларын есімізден шығармайық. Ұлыстың Ұлы күнін үйде отырып, өз отбасымен тойлаған дұрыс. Өйткені, адамдардың сыртта жиі жүруі, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы коронавирус індетінің өршуіне әкеледі», - деді Ғазиз Надуев.
- 17.03.2021
- 199