- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысы елдегі құрылыс кірпішінің 40%-ын өндіреді
Өңірде өнеркәсіп тұрақты өсіп келеді. Өндіріс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Облыс машина жасау саласында нық көшбасшы болып тұр: теміржол подшипниктерін өндірудің 100%-ын және арнайы автомобильдер өндірісінің 84%-ын қамтуда. Бұдан бөлек, еліміздегі астық жинайтын комбайндардың 50%-ы өндіріледі. Облыс құрамында алтын бар руданың жартысынан астамын және Қазақстандағы алтын өндірісінің төрттен бір бөлігін өндіреді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кірпіш өндіру көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде өңірдегі зауыттар 250 млн кірпіш шығарса, алдағы уақытта оның қуаттылығы 3 есеге арттырылмақ.
«Осы бағытта 8 зауыт салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Биыл соның бесеуін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, біздің өңір елдегі өндірістің жалпы көлемінен құрылыс кірпішінің 40%-ын шығарады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
- 17.11.2025
- 9


