• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Президент тапсырмасы бойынша арнайы экономикалық аймақты дамыту жұмыстары жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге отандық және шетелдік инвесторларды көптеп тарту үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА әлеуетін дамытуды тапсырған болатын. Осы бағытта облыс әкімдігіне Үкіметпен бірлесе отырып экономикалық аймақтың аумағын және басым қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту жөнінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды қамтамасыз ету жүктелген еді. Бұл бағытта Маңғыстау облысы әкімінің бастамасымен кешенді жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

2024–2025 жылдары экономикалық аймақтың аумағы екі жарым есе яғни 1926 гектардан 4407 гектарға дейін ұлғайды. Оның құрамына биыл Ақтау халықаралық әуежайы, Ақтау қаласының жағалау бөлігі, Жаңаөзеннің өндірістік аймағы және Саржа теңіз терминалы кірді.

-Алдағы уақытта «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы тағы да өседі. Мұнайлы ауданынан инвестициялық жобаларды іске қосу үшін арнайы жерді, КаспийЕРСАЙ кеме жасау зауытын, Кендірлі курорттық аймағын экономикалық аймаққа кіргізу жұмыстары басталып кетті. Осы аумақтар қосылған жағдайда АЭА көлемі шамамен 21 мың гектарға жетеді. Бұл өңір қазынасына жаңа инвестициялардың құйылуымен жаңа салалардың дамуына үлкен мүмкіндік береді,-деді «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасы Мүбәрак Төлегенов.

«Ақтау теңіз порты» АЭА тағы бір жасалған маңызды қадам – басым қызмет түрлерінің тізімі кеңейтіліп, бұрынғы 24 бағыттың орнына 45 жаңабағыт бекітілді. Олардың қатарында: құрылыс, абаттандыру, туризм, санаторлы-курорттық қызметтері, тоқыма бұйымдары өндірісі, су өңдеу, кеме және әуе кемелерін жөндеу, көлік және басқа даөндіріс түрлері бар.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы 2002 жылы Президент Жарлығымен құрылған болатын. Сол уақыттан бері ол Маңғыстау облысының өсіп-өркендеуінің маңызды орталығына, Орталық Азияны әлемдік нарықтармен байланыстыратын сенімді көпіріне айналды.

2024 жылы облыс әкімдігінің бастамасымен және Үкіметтің қолдауымен экономикалық аймақтың қызмет ету мерзімі 2052 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Бұл алдағы ондаған жылдарға үлкен жоспарларды жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді.

Арнайы экономикалық аймақтың артықшылығы оның кәсіпкерлерге көп жеңілдік жасауында. Аймақта өз жобасын жүзеге асырған инвестор корпоративтік табыс, мүлік және жер салығы мен импорт ҚҚС-тан, кедендік баждардан босатылады. Жобаларға толық әкімшілік және техникалық қолдау көрсетіледі.

Бүгінде экономикалық аймақта отандық кәсіпкерлерден өзге Италия, Түркия, Германия, Әзербайжан, Қытай және Сингапур компаниялары өндіріс ашып, жобаларын сәтті жүзеге асыруда.

  • 18.11.2025
  • 4
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика