- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасының өңірлік жұмысы талқыланды
Бүгін, 18 қарашада Маңғыстау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының мемлекеттік органдармен, ҚР Парламентімен және барлық деңгейдегі мәслихаттармен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы аясында кездесу өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай,Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚХА атынан сайланған Сенат депутаттары, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ҚХА Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Жомарт жан орталығы, этномедиаторлар және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жастар қатысты.
Кездесу барысында ҚХА-ның XXXIII сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды өңір деңгейінде іске асыру мәселелері қаралып, алдағы кезеңге арналған нақты жұмыс бағыттары мен басымдықтар белгіленді.
Жиында аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай
«Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасының өңірде сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ассамблеяның елдегі бірлік пен келісімнің, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың маңызды символы екенін атап өткен болатын. Осы орайда біз үшін басты міндет – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін депутаттық топ мүшелерімен өзара түсіністік пен бірлескен жұмыстың маңызы зор, — деді Нұрдәулет Қилыбай.
Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаты, аналар кеңесінің мүшесі Пания Сармурзина және депутаттық топ мүшесі, жас депутат Марат Абзал жастарға психологиялық қолдау көрсету, олардың еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасау жөніндегі өз ұсыныстарын білдірді.
Жиын соңында өңірлік Ассамблея қызметіне белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтарға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Құрмет грамоталары және ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әлібек Бектаевтың Алғыс хаттары табысталды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 18.11.2025
- 4


