- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып, бірқатар әлеуметтік, тұрғын үй және мәдени нысандардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
Аймақ басшысы бірінші кезекте қуаты 19,5 Гкал болатын «Зеренді-Сервис» ШЖҚ МКК Блокты-модульді қазандықтың құрылыс орнын қарап шықты. Жобаның құны-шамамен 850 млн теңге. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 600 млн теңге, қалған қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.
- Болашақ қазандық коммуналдық кәсіпорын аумағында салынуда. Жоспар бойынша жылумен шамамен 190 мың шаршы метр қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта құрылыс орнына 6 қазандық жеткізілді. Алғашқы жылы күндердің басталуымен құрылысшылар жұмысқа кіріседі. Шамамен нысан келесі жылыту маусымы басталғанға дейін тапсырылады. Жылумен екі мектеп, аудан орталығының бір бөлігі және Бейбітшілік көшесіндегі болашақ көп пәтерлі үйлер қамтамасыз етіледі, — деді «Зеренді-Сервис» ШЖҚ МКК директоры Егор Шейлман.
Болашақ қазандықтың орнын егжей-тегжейлі қарап, жергілікті коммуналдық қызметкерлер мен қостанайлық мердігерлердің ақпаратын тыңдап, Ермек Маржықпаев құрылысты созбауға және объектіні уәде етілген мерзімде тапсыруға тапсырма берді.
«Қазақавтожол» ЖШС-де Ермек Боранбайұлына «ДЭУ-73» базасын қайта құру қорытындылары көрсетілді. Барлық жұмыстар 380 млн теңге сомасына өз қаражаты есебінен жүргізілді. Кәсіпорын ұзындығы 143 км республикалық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсетеді, мұнда 33 адам еңбек етеді, 11 бірлік қар жинайтын техника және 20 адамға арналған жылыту пункті бар. Аймақ басшысы «ДЭУ-73» қызмет көрсететін жол учаскелеріндегі су тасқыны жағдайы туралы сұрады.
Сондай-ақ, облыс әкімі жергілікті ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, оларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. Өз кезегінде ұйым төрағасы Қуанышбек Әлбаев аймақ басшысына Зеренді ауданының дамуына көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдірді.
Аудандық мәдениет үйінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 37,3 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимарат толығымен ретке келтірілген, атап айтқанда, негізгі көріністер мен зал. Облыс әкімі қандай ауылдарда осындай проблемалар бар екенін сұрады.
Өңір басшысының «Көкшетау» МҰТП «Визит-орталығында» жұмыс сапары аяқталды. Ұйым директоры Ербол Сағдиевтің айтуынша, туристік орталықтың жаңа ғимараты кәсіпорынға 20 млн теңге шығындаған. Жоба авторларының ойынша, саябаққа әрбір келуші барлық қажетті ақпаратты, бағыттарды, Зеренді ауданының көркем жерлерінің карталарын ала алады. Ермек Маржықпаев «Туристтің офисін» қарап шығып, саябақ басшылығына жұмысы үшін алғысын білдіріп, кәсіпорынға одан әрі дамуын тіледі.
- 18.03.2021
- 228