• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірде кітапханалар, архивтер мен музейлерді цифрландыру жүргізілуде

Аймақ басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде мәдениет саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәншүк Балмағамбетова баяндама басында желтоқсан айында Ақтөбеде үш күндік «Сыбаға» өңірлік фестивалі өтетінін, ал 2026 жылы Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына және Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар жоспарланғанын хабарлады.

Одан кейін ол кітапханалық қорлар, архивтер және музей жәдігерлерін цифрландыру қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.

«Облыстық кітапханалардың жалпы кітап қоры 3,5 миллионнан астам дананы құрайды, оның ішінде 1,5 миллионнан астам атау бар. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында сирек кітаптар, өлкетану әдебиеттері, қазақстандық басылымдар, сондай-ақ газеттер мен журналдар цифрландырылуға тиіс. Бұл қордағы барлық атаудың 61 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда 126 мыңнан астам құжат цифрлық форматқа көшірілді, бұл қордың 8,1 пайызы. Аудан­дар арасында 50 792 құжатты цифрландырған Қобда ауданы көш бастап тұр», – деді ол.

Мәншүк Балмағамбетованың айтуынша, кітапханалар WEB-RABIS жүйесімен жұмыс істейді, ол әдебиеттің қорға түсуінен бастап оқырға­нға берілгенге дейінгі барлық процесті толық автоматтандырады.

Бұдан бөлек, 537 архивтік қор цифрландырылды, бұл 128 мыңнан астам сақтау бірлігі мен 8 миллионнан астам бетті құрайды.

Сонымен қатар, филармония мен театрлар ticketon.kz сайты арқылы онлайн билет сатуды енгізуде.

Музейлерде «Saqtau» және «АС-музей» автоматтандырылған жүйелерін пайдалана отырып, 30 мыңнан астам экспонат цифрландырылған. Көрме залдарына заманауи цифрлық технологиялар енгізілді: LED-экрандар, VR/AR кешендері, интерактивті карталар және виртуалды турларға арналған сенсорлық панельдер. Сондай-ақ Қазақстанның киелі жерлері географиясы жобасы аясында 156 ескерткішке QR-кодтар орнатылды, бұл мәдени мұра туралы ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.

Жұмысты жеделдету үшін облыс әкімі мәдениет мекемелерінің цифрлық инфрақұрылымын нығайтып, қажетті жабдық сатып алуға қаржы бөлуді тапсырды.

«Музей қорларын цифрландыру, архив материалдарын электрондық базаға көшіру және онлайн сервистерді кеңейту баяу жүргізілуде, сондықтан цифрлық өнімдердің қолжетімділігін арттыруды сұраймын. Цифрлық сервистердің толық жұмыс істеуін, оның ішінде электрондық билеттер, виртуалды экскурсиялар және цифрлық қорлар тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараларды ұйымдастырыңыздар. Аудандық және қалалық әкімдіктер мәдени нысандарға келушілер санын арттыру үшін кешенді шаралар қабылдауы керек. Ол үшін тартымды жобалар әзірлеп, жастарға арналған цифрлық контентті көбейтіп, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізу қажет», – деп атап өтті аймақ басшысы.

  • 24.11.2025
  • 2
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика