• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2025 жылдың 10 айында Ақтөбе облысының экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылды

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің экономикалық өсімі 103,6%.

Өнеркәсіп өнімінің индексі 101,3%-ды құрады, бұл кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеп, өнім көлемін арттырғанын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығында көрсеткіш 101,8%-ға жетті, бұл жақсы өнім мен мал шаруашылығы өнімдерінің өсуіне байланысты.

Ең жоғары өсім инвестициялар саласында байқалды – 129,1. Құрылыс жұмыстарының көлемі 17%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 3,5%-ға артты. Көлік және қоймалау саласында 10,3%, саудада 2,1% өсім тіркелді.

Жыл басынан бері облыс экономикасына 892 млрд теңге тартылды.

«Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы – елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және шетелдік капитал тартудың жаңа тетіктерін қарастыру. Біз бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз», – деді Асхат Шахаров.

Биыл облыста жалпы құны 110 млрд теңгеден асатын сегіз ірі нысан іске қосылды. Соның ішінде ERG компаниясының қуаты 150 МВт құрайтын жел электр станциясы бар. Инвестициялар көлемі – 74 млрд теңге.

Шикізатты терең өңдеуге бағытталған жобаларға айырықша көңіл бөлінуде. Мысалы, KazFeltec компаниясының бастамасымен Қазақстанда алғаш рет қой жүнін терең өңдейтін және құрылыс материалдарын өндіретін цех ашылды. Жобаның құны – 5,3 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 2 мың тоннадан астам өнім. Өндірістің іске қосылуының арқасында 50 жұмыс орны құрылды, өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен кооперация жолға қойылды.

Іске асырылған басқа жобалар қатарында: ауылшаруашылық химикаттарын өндіру (ЖШС «MKR Plus»), гофроқаптама өндірісі (ЖШС «Capital Plast KZ»), өртке қарсы құралдар (ЖШС «Ort tehnika-Qazaqstan»), сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтардан хром өндіруге арналған ERG Green АҚ «ТНК «Қазхром» флотация учаскесінің іске қосылуы бар.

Жыл соңына дейін жалпы құны шамамен 350 млрд теңгені құрайтын тағы 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында: «Лиманное» кен орнын игеру (ЖШС «КазГеоруд»), «Болашақ» шахтасының екінші кезегін салу («Қазхром» ТҰК» АҚ), Ақтөбе станциясында рельс дәнекерлеу өндірісін ұйымдастыру («ПЗТМ LTD» ЖШС) және Металл өңдеу және жөндеу орталығын құру («Метэкс Сервис» ЖШС).

Болашақта карбамид, битум және цемент өндіретін зауыттар салу жоспарланып отыр.

«Өңірде бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасалуда. Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай базасында аумағы 570 га құрайтын «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы, сондай-ақ, Хромтауда аумағы 150 га құрайтын республикалық маңыздағы Индустриялық аймақ жұмысын бастады.

Әрбір инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы –  жеке бақылауымда. Біз мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қатысуымен инвестициялық штабтың отырыстарын тұрақты түрде өткізіп келеміз. Инвесторлардың барлық мәселелері жедел түрде жергілікті жерде шешімін табуда», – деп атап өтті өңір басшысы.

  • 24.11.2025
  • 5
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика