• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2025 жылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 15 млрд теңге бағытталды

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – Ақтөбе облысы экономикасының басым бағыттарының бірі. Бұл туралы өңір басшысы Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын таныстыру барысында мәлімдеді.

«Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында салада оң динамика сақталып отыр. 10 айда шамамен 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді», – деді Асхат Шахаров.

Бұл көлемнің 171,8 млрд теңгесі – мал шаруашылығына, 177,6 млрд теңгесі – өсімдік шаруашылығына тиесілі. Мал басы өткен жылмен салыстырғанда орташа есеппен 7%-ға артты.

Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесіне сүйене отырып, өңірде «АЙС» сүт-тауарлы фермасын 1600 басқа дейін кеңейту жобасы іске асырылуда. Бұл мақсатта жылдық 2,5% мөлшерлемемен 7,5 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді.

Жоба толық қуатына шыққан соң, сүт өндіру көлемі жылына 20 мың тоннаға ұлғаяды деп күтілуде. Бірінші кезең аясында 800 бас ірі қара мал әкелінді.

«Кең дала-2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге жылдық 5% мөлшерлемемен 5,9 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді.

Бұл 554 мың тонна өнім жинауға мүмкіндік берді, бұл өткен жылға қарағанда 40 мың тоннаға артық (2024 жылы – 515 мың тонна).

Ауыл шаруашылығына инвестициялар да белсенді тартылуда. Биыл жалпы құны 11,5 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2883 жоба мақұлданып, 16,4 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер берілді.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы ауыл экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға айтарлықтай серпін береді», – деп атап өтті өңір басшысы.

  • 24.11.2025
  • 5
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика