- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан мен Өзбекстан кеден және салық салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
2025 жылғы 14 қарашада Ташкент қаласында Өзбекстанның кеден және салық органдары басшыларымен екіжақты кездесу өтті.
Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлоновпен өткен келіссөздердің негізгі тақырыбы — шекарадағы өткізу пункттерінің тиімділігін арттыру болды.
Тараптар «бір терезе» қағидаты бойынша рәсімдерді жеделдетуге және цифрлық технологияларды енгізуге келісті. Бұл өз кезегінде: автокөлік құралдарын ресімдеуді жеделдетуге; шекарада күту уақытын қысқартуға; өткізу пункттеріндегі барлық операциялардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
- 26.11.2025
- 9


