• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нағаспаев Е. Қ.
Нағаспаев Е. Қ.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Министр Ерсайын Нағаспаев UNIDO Бас конференциясының 21-ші сессиясына қатысты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Эр-Риядта өткен UNIDO (Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы) Бас конференциясының 21-ші сессиясына қатысты.

Конференциядағы сөзінде министр Ерсайын Нағаспаев ҚР Президентінің ұлттық экономиканы әртараптандыруға және терең өңделген өнімдер өндірісін басымдықпен дамытуға бағытталған реформаларының қарқынды ілгерілеуін атап өтті.

«Біздің еліміздің жоғары инвестициялық және табиғи ресурстық әлеуеті, ұлттық экономиканы цифрлық трансформациялауға деген ұмтылысымыз, экологиялық таза технологияларды енгізу, Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер мен Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын іске қосу және Астана хабының технологиялық экожүйесін қалыптастыру Қазақстанның жаңа жаһандық және өнеркәсіптік архитектурадағы стратегиялық маңыздылығын анықтайды», – атап өтті Министр.

Ерсайын Нағаспаев сондай-ақ UNIDO-мен бірлесіп жобалық қызметті одан әрі нығайтуға, соның ішінде Алматыда құрылған Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығы арқылы нығайтуға қызығушылық танытты.

Конференция аясында Қазақстан делегациясы бірқатар ресми және жұмыс кездесулерін өткізді. UNIDO бас директорының орынбасары және техникалық ынтымақтастық және тұрақты өнеркәсіптік даму жөніндегі атқарушы директоры Ционг Зоумен келіссөздер барысында тараптар smart өнеркәсіп, энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

Жұмыс кездесуі барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі және UNIDO 21-ші Бас конференциясының президенті Бандар Әл-Хорайеф Қазақстан тарапына қатысқаны үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындықты білдірді. Тараптар бірлескен жобалардың болашағын, соның ішінде Қазақстанның тау-кен және металлургия секторына инвестиция тартуды талқылады.

Келіссөздер барысында Ерсайын Нагаспаев Сауд Арабиясының Өнеркәсіп министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қазақстанмен серіктестігін нығайтуға мүдделі бірқатар Сауд Арабиясының компаниялары қатысады деп күтілуде.

Одан бөлек, Тәжікстанның Өнеркәсіп министрі Шерали Кабировпен және Түрікменстанның Өнеркәсіп министрі Тойғұлы Нуровпен, сондай-ақ Сауд Арабиясының Ajlan Brothers холдингтік компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізілді.

UNIDO (United Nations Industrial Development Organization) – Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі, оның миссиясы мүше мемлекеттерде инклюзивті және тұрақты өнеркәсіптік дамуды ілгерілету және халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

  • 01.12.2025
  • 15
Нағаспаев Е. Қ.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Нағаспаев Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика