- Блогтар
- С.К. Әшіров
С.К. Әшіров
ҚР ОМ Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы
Қазақстанда үздіксіз білім беруді дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті мен Мектепке дейінгі білім беру департаментінің, қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының және жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен пилоттық семинар өтті.
Семинар ашық диалог түрінде өтті, өз сөзінде Комитет төрағасы Серік Әшіров үздіксіз білім беру секторының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Ол кәсіби қоғамдастықпен диалог азаматтардың қажеттіліктеріне неғұрлым түсінікті және бағдарланған реттеу тетіктерін қалыптастыруға көмектесетінін айтып жеткізді.
Семинар барлық өңірлерге ортақ нормаларды нақтылау және практикалық мәселелермен алмасу үшін маңызды алаңға айналды. Әрбір біліктілік талабы бойынша нормалар, сондай-ақ көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі егжей-тегжейлі қаралды, барлық қызықтырған мәселелер бойынша толық түсіндірмелер берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
- 02.12.2025
- 9


