• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖАҢАӨЗЕНДЕ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңаөзен қаласында жаңа «Балақай» оңалту орталығы ашылды. Орталық кешенді оңалту қызметін көрсетеді, атап айтқанда оған 9 қызмет кіреді: емдік дене шынықтыру, гидротерапия, физиотерапия, массаж, арнайы жабдықта иппотерапия, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық түзету. 

Мекеменің ашылуына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев, «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері, «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры Есен Өтеев, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысты.

Жобаның бастамашысы «Мұнайшы қамқоры» ҚҚ, оның құрылтайшылары «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері болып табылады. Оны жүзеге асыру аясында компания Р. Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының базасынан орын бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Айта кету керек, орталықтың әкімшілік шығындарын өтеу жыл сайынғы бюджетті жоба әкімшісі «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен бірлесіп, 9 мыңнан астам қызметкерлердің ай сайынғы ерікті жарналарының арқасында жүзеге асатын болады.

«Орталық жылына церебралды сал ауруы, аутистік спектрдің бұзылуы, психикалық дамудың тежелуі, гемипарез, нейро-ортопедиялық аурулар және басқа да ерекшеліктері бар 600-ге жуық баланы тегін негізде қабылдайтын болады», - деп атап өтті «Мұнайшы қамқоры» ҚҚ өкілі Келдібай Санзыбаев.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры да бұл жобаны қолдап, қажетті жабдықтарды, оның ішінде жүру дағдыларын қалпына келтіру үшін «Mercury Med» оңалту кешенін, баланс патологиясын диагностикалауға арналған «Биокинект» кешенін, эрготерапияға арналған тренажерларды, магнито және физиотерапияға арналған аппараттарды, барлығы 40 млн. теңгеге 25 жабдықты сатып алды», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі - Корпоративтік қызметтің басшысы Іргебаев Мирас.

Сондай-ақ, орталыққа Жаңаөзен қаласының 15 білікті маманы жұмысқа орналастырылды.
«Біздің қаламызда осындай заманауи оңалту орталығы пайда болғанына өте қуаныштымын. Менің ұлымның церебральды сал ауруы бар және бізге үнемі оңалтудан өтіп отыру қажет. Мұнда бізге көмектесе алатын білікті мамандар, жаңа жабдықтар, тренажерлер бар. «Ерекше» балалардың ата-аналарының атынан осы орталықты ашуға көмектескендердің барлығына алғыс айтамын», – деді екі жасар Бердіғали Алтынбектің анасы  Биялай Дүрісбаева.

  • 19.03.2021
  • 241
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика