• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысы – АҚШ инвестициялары мен жаңа жобаларға ашық

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында Қазақстандағы Американдық сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлихпен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және өңірге америкалық инвестицияларды тарту перспективалары талқыланды.

«Америка Құрама Штаттары – Қазақстан үшін маңызды әрі сенімді серіктес және мемлекет пен бизнес қауымдастығы арасындағы диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін Американдық сауда палатасын ерекше бағалаймыз. Қазақстан мен АҚШ арасында тұрақты сауда-экономикалық байланыстар бар, бірақ ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеует жетерлік», – деді Асхат Шахаров.

2025 жылдың алғашқы он айында Ақтөбе облысы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 13,4 млн АҚШ долларына жетті, оның ішінде экспорт – 8,2 млн, импорт – 5,2 млн доллар. Әкімнің сөзінше, бұл көрсеткіштер ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірге жаңа америкалық инвестициялар тартуға тұрақты негіз қалайды.

Асхат Шахаров Ақтөбе облысының бай ресурстық базасы, дамыған инфрақұрылымы және қолайлы инвестициялық ахуалы бар, Қазақстанның аса маңызды индустриялық орталықтарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, өңірмен ынтымақтастықтың артықшылықтарын айтып, Қазақстанда өзін танытқан америкалық компаниялармен серіктестікке облыстың қай бағыттарда мүдделі екенін көрсетті.

Энергетика және мұнай-газ секторында негізгі серіктестер ретінде Chevron мен ExxonMobil бола алады. Олардың ірі кен орындарындағы тәжірибесі өндіру, қайта өңдеу, логистика және экспорттық тізбектерге инвестиция мен технология тартуға мүмкіндік береді. Машина жасау, өнеркәсіптік автоматтандыру, логистика және инфрақұрылым салаларында General Electric, Honeywell және John Deere компаниялары перспективалы серіктестер болып саналады. Олардың қатысуы энергиямен қамту, ауыл шаруашылығы, өндірісті жаңғырту және инфрақұрылымды дамыту жобаларын қолдай алады.

Тұтыну секторы мен қайта өңдеу саласында PepsiCo және The Coca-Cola Company компаниялары ерекше қызығушылық тудырады. Бұл компаниялар арқылы өңірдің өндірісі, логистикасы және дистрибуциясын кеңейтуге мүмкіндіктер ашылады. Сонымен қатар, әкім «жасыл» және ESG бастамаларын қолдаудың, заманауи энергия-және ресурсүнемдегіш технологияларды, экологиялық шешімдерді, қалдықтарды басқару жүйелерін американдық компаниялардың тәжірибесін қолдана отырып енгізудің маңызын алға тартты.

«Жаһандық тәжірибесі мен беделі бар компаниялардың қатысуы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және білікті кадрлар тартуға көмектесетініне сенімдіміз», – деді Асхат Шахаров.

Өңір басшысы Американдық сауда палатасының сараптамалық қолдауына және өңірде табысты жүзеге асыра алатын жобалары бар компанияларды тартуға қатысты ұсыныстарына үміт артатынын жеткізді.

Өз кезегінде Джефф Эрлих өңірлік билікпен диалогтың маңыздылығын атап өтіп, Ақтөбе облысына америкалық инвестициялар мен жобаларды тартуды қолдауға дайын екенін білдірді.

Кездесу барысында америкалық компаниялармен өзара іс-қимылдың нақты мүмкіндіктері және АҚШ тәжірибесі мен технологиялары ерекше тиімді бола алатын бағыттар талқыланды. Облыс әкімі одан әрі диалог пен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әзір екенін жеткізді.

  • 08.12.2025
  • 6
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика