- Блогтар
- Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық мәселелер бойынша азаматтарды онлайн қабылдауды өткізді
2025 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Сол күні осындай іс-шаралар Комитеттің барлық аумақтық департаменттерінде өтті.
Комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасына кіруді уақытша шектеуге байланысты қабылдау Zoom платформасы арқылы онлайн форматта жүргізілді, бұл барлық мүдделі азаматтарға өзекті мәселелер бойынша қосылуға және түсініктеме алуға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында Комитет өкілдері электр энергиясы нарығындағы ағымдағы жағдай, тауарлық газға бөлшек сауда бағасының өзгеруі, сондай-ақ сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдерді қарау процесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қосымша қатысушыларға 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін тарифтерді көтеруге мораторийдің қолданылуы жөнінде түсініктемелер берілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтардан сұрақтар түскен жоқ.
Комитет қызметтің ашықтығын арттыруға, халықпен кері байланысты нығайтуға және реттелетін салалардағы негізгі өзгерістер туралы уақтылы хабардар етуге бағытталған ашық қоғамдық қабылдау өткізу тәжірибесін жалғастырады.
- 08.12.2025
- 5


