• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан облысына жұмыс сапарым аясында өңір тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Тұрғындарға аймақта атқарылып жатқан жұмыстар мен жергілікті су шаруашылығын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар туралы баяндадым.

Қазір облыста ирригациялық каналдарды жөндеу және реконструкциялау бойынша бес жоба іске асырылып жатыр. Бұл шаралар 51 589 гектар егістік алқапқа су жеткізуді жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Шардара ауданында 20 мың гектар жердің мелиорациялық жағдайын арттыру мақсатында «Қызылқұм» ирригациялық-дренаждық жүйесін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Түркістан облысының сегіз ауданында тік дренаж жүйесіне жататын 95 ұңғыманы реконструкциялау, 512 ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізу және 732 ұңғыманы қайта қосу көзделген. Биыл Шардара өңірінде дренаж жүйелерін жетілдіру бойынша екі жоба аяқталады деп күтіліп отыр. Бұл 44 мың гектар жердің мелиорациялық жағдайын жақсартады.

Жыл соңына дейін Төлеби ауданында «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал 2027 жылы Бәйдібек ауданында «Бәйдібек-ата» су қоймасы пайдалануға беріледі. Сонымен бірге «Боралдай» және «Иқансу» су қоймаларын салуға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Бұдан бөлек үш су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 40 гидротехникалық құрылысжайда көпфакторлы зерттеу жоспарланған.

Шардара қаласының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында топтық су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба келесі жылы аяқталады деп күтілуде.

Өткен вегетация кезеңі ауыл шаруашылығының тиімділігі суды қаншалықты ұқыпты әрі жауапкершілікпен басқара алуымызға тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл тек нақты жоспарлауды ғана емес, сонымен қатар су саласын дамытуда жүйелі көзқарасты талап етеді. Сол себепті біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі – су шаруашылығы инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан гидротехникалық нысандарды салу, реконструкциялау және суару жүйелерін автоматтандыру жобалары суды тиімді пайдалануға және оның шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында тұрғындар каналдарды салу және реконструкциялау, суару суына берілетін субсидиялар, судың «қара нарығымен» күрес және балық шаруашылығына бөлінетін су лимиттерін қайта қарау мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Кездесуден кейін министрліктің департаменттері мен комитеттерінің, сондай-ақ «Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы мен Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының қатысуымен өңір тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштерін талқылау үшін кеңес өткіздім.

  • 10.12.2025
  • 10
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика