• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысына жұмыс сапарым барысында «Өтеміс», «Сеңкібай» және «Белқожа» шаруашылықаралық су каналдары жүйелеріндегі құрылыс жұмыстарымен таныстым. Бұл жобалар аймақтың суару каналдары, дренаж жүйелері мен гидротехникалық нысандарын реконструкциялаудың екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып жатыр.

«Өтеміс» каналы жүйесінде жалпы ұзындығы 28 шақырым болатын учаскелерде бетон төсеу, сондай-ақ гидротехникалық нысандарды жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 47 адам және 17 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінге дейін 15,7 шақырым каналға бетон төселді. Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жоба іске асқаннан кейін осы жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 5131 гектарға жетеді. Қазір нысан 1626 гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз етеді.

«Сеңкібай» каналында ұзындығы 14,2 шақырым болатын учаскеде реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, жоба 21,8 шақырым каналды жаңартуды көздейді. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Қазір нысанда 13 арнайы техника мен 9 маман жұмыс істеп жатыр. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 4075 гектар егістік алқапқа су жеткізу жақсартылады.

«Белқожа» жүйесінде жалпы ұзындығы 19,215 шақырым болатын учаскелерде бетондау жұмыстары жүргізілуде, оның 15,8 шақырымы бүгінде аяқталған. Сонымен қатар гидротехникалық нысандарды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба іске асқан соң, жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 2896 гектарға дейін ұлғаяды. Қазіргі таңда канал 1860 гектар егістік алқапты сумен қамтамасыз етеді. Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау көзделген.

Бұл жобалардың мақсаты – суару каналдары мен ондағы нысандардың техникалық жай-күйін қалпына келтіріп, су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы мелиорациялық жағдайды жақсарту. Нысандардың жағдайымен танысқаннан кейін келесі жылғы вегетация кезеңінің тұрақты өтуі үшін жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырдым.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында су шаруашылығы саласын дамыту үшін ирригациялық жүйелерді жаңғыртудың маңызын атап өтті. Осы бағытта біз шетелдік серіктестермен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мысалы, «Өтеміс» каналын реконструкциялау кезінде заманауи неміс технологиялары қолданылып, олардың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді.

  • 10.12.2025
  • 9
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика