• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге өңірдің төрт ауданындағы 22 мың ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған үш жаңа су жүйесін іске қосу рәсіміне қатыстым.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің министрлік СҚО-ның 42 ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын мерзімінен бұрын аяқтады. Тағы бір жоба аяқталуға жақын.

Қазіргі таңда Тайынша және Ақжар аудандарындағы елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау мақсатында Булаев топтық су құбырынан су тарту тармақтарын салу бойынша екі жоба толық жүзеге асырылды.

Тайынша ауданындағы 13 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 170 шақырым болатын су құбыры мен сорғы станциясы салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың сәуірінде басталып, қазан айында аяқталды. Ал бастапқы жобада құрылыс мерзімі екі жыл деп жоспарланған болатын.

Булаев топтық су құбырының жаңа су тарту тармақтарына қосылған Тайынша ауданының ауылдары бұрын-соңды орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған емес. Бұған дейін бұл елді мекендер суды ұңғымалардан, құдықтар мен блок-модульдерден алып келген. Енді тұрғындар суды үйлеріне тікелей тарта алады.

Ақжар ауданында Булаев топтық су жүйесінен ұзындығы 123 шақырым болатын су тарту желілері салынды. Бұл жоба да екі жылға есептелген еді. Бұған дейін бұл ауылдарда да су ұңғымалар мен құдықтардан алынып келген. Алайда судың сапасына қатысты сұрақтар болғандықтан жергілікті тұрғындар оны тұрмыстық мақсатта пайдалана алмаған.

Аяқталуға жақын тұрған үшінші жоба Көкшетау топтық су құбырынан жалпы ұзындығы 220 шақырым болатын су тарту желілерін салуды көздейді. Бұл желілер Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Шал ақын аудандарындағы 24 ауылды қамтиды. Қазіргі таңда мердігер ұйым негізгі жұмыстарды толық орындап, су құбырларын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл елді мекендер бұған дейін орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған емес. Су тарту желілері салынғанға дейін 24 ауыл да суды ұңғымалардан, құдықтар мен блок-модульдерден алып келген.

Жаңа су құбырлары сапалы ауыз суды үйлерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ауылдарда мұндай жүйе бұрын-соңды болмаған. Су жүйелерінің құрылысы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартып, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуға негіз қалайды.

Мемлекет басшысының қазақстандықтарды ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биыл барлық үш жобаны аяқтау үшін қажетті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта министрлік 950 мыңнан астам адамды ауыз сумен қамту үшін 2,4 мың шақырымнан астам су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ елдің 9 өңірінде 29 жоба жүзеге асырылуда.

  • 10.12.2025
  • 6
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика