• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы өтті. Отырыста Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен бірге трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және тиімді пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойдық.

Келісім екі елдің тұрғындары мен ауыл шаруашылығы аймақтарын сумен қамтамасыз ететін трансшекаралық өзендер мен каналдар бойынша өзара әрекеттесу тетіктерін бекітеді. Құжат трансшекаралық су шаруашылығы нысандарының пайдалану режимін үйлестіру, тұрақты бірлескен тексерулер жүргізу, олардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қарастырады.

Сонымен қатар трансшекаралық учаскелерде су беру мен алу деректерін автоматтандырылған жүйеде бірлесіп есепке алу және ақпаратты жедел алмастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Жүйені енгізу су ресурстарын пайдалану бақылауын күшейтіп, елдеріміздің су шаруашылығы органдары арасындағы сенімді арттыруға ықпал етеді.

Құжат су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту мен жөндеуді, су шығынын азайтуды, су үнемдеу технологияларын енгізуді және суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуды көздейді. Сондай-ақ біз тасқын, құрғақшылық және басқа да табиғи құбылыстардың алдын алу және салдарын азайту бойынша күш-жігерді үйлестіреміз.

Келісімді іске асыру үшін Қазақстан мен Өзбекстанның Үкіметаралық комиссиясы құрылады. Комиссия келісімдердің орындалуын үйлестіреді, трансшекаралық нысандарды пайдалану бойынша шешімдер қабылдайды, арнайы жұмыс топтарын құрады және екі елдің құзырлы органдары арасындағы диалогты қамтамасыз етеді. Комиссияның отырыстары жылына екі рет, кезекпен Қазақстан мен Өзбекстан аумағында өткізіледі.

Бұл құжат – 2017 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ортақ еңбектің нәтижесі. Екі мемлекеттің жүйелі қадамдарының арқасында трансшекаралық суды басқару бойынша келісілген тәсілдер әзірлеу мүмкін болды. Сондықтан бүгін қол қойылған келісім тарихи мәнге ие оқиға болып отыр.

Жаңа келісім Қазақстан мен Өзбекстанның қолданыстағы халықаралық міндеттемелеріне негізделеді. Соның ішінде 1992 жылғы 18 ақпандағы Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ конвенциясы және Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны қамтиды. Бұл келісім Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сенімді нығайтып, шекаралас аймақтардың су қауіпсіздігін арттырады, ауыл шаруашылығының дамуына жәрдемдеседі және экологиялық тұрақтылық негізін күшейтеді. Құжат Орталық Азиядағы су дипломатиясын дамытуға елеулі үлес қосады.

  • 10.12.2025
  • 4
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика