- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Алматы қаласында өткен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су шаруашылығы мен энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатыстым.
Отырысқа ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев және Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары – Су ресурстары қызметінің директоры Алмаз Жээналиев қатысты.
Кездесуде 2025 жылғы вегетация кезеңінің қорытындылары және вегетацияаралық кезеңде Тоқтоғұл су қоймасына су жинау жоспары қаралды.
Тоқтоғұл су қоймасының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету келер жылғы суару маусымында Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өткім келеді.
- 10.12.2025
- 5


