• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен ауыл әкімдері форумы өтті. Диалог-платформа аясында өткізілген «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тұрғысынан ауыл шаруашылығын дамыту» атты екінші панельдік сессияға қатыстым. Талқылауға 300-ден астам ауыл әкімі жиналды.

Ауыл шаруашылығында суды тиімді басқару және пайдалану бағытында Су ресурстары және ирригация министрлігінің атқарып жатқан жұмысы жөнінде баяндама жасадым.

Биыл қабылданған жаңа Су кодексіне сәйкес, өздігінен су пайдалануға жол бермеу және су нысандарында, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті шектеу талаптарын сақтау жөніндегі бақылау күшейтілді. Бассейндік инспекцияларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін қадағалау өкілеттіктері берілді.

Ирригациялық кондоминиум институты нормативтік түрде бекітілді. Ол суару және коллекторлық-дренаждық желілердің тиісті жағдайда болуын қамтамасыз етіп, фермерлердің инфрақұрылымды жөндеу және реконструкциялау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Қосымша қолдау шарасы ретінде ауыл шаруашылық қажеттіліктері үшін көлемі 2 млн текше метрге дейін еріген, нөсер және тасқын суды жинайтын қоймалар салуға рұқсат беретін норма енгізілді.

Су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау тетіктері қайта қаралды: ұңғыма бұрғылау және су үнемдейтін жабдық сатып алуға жұмсалған шығындардың өтемақы үлесі 50%-дан 80%-ға дейін артты. Сондай-ақ суды субсидиялау дифференцияланып, оның мөлшері тікелей су үнемдеу жүйелерін қолдануға байланысты белгіленді.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен инвестициялық субсидияларға 214 млрд теңгеден астам, ал суару суының құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге көлемінде трансферттер қарастырылған.

Жалпы алғанда, мемлекет қолдау көрсетіп отырған су саласына кешенді көзқарас ауыл шаруашылығы секторын тұрақты дамытуға және сенімді су қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен азаматтардың әл-ауқатының маңызды құрамдас бөлігі. Ал жергілікті атқарушы органдардан барлық қатысушының жұмысын нақты үйлестіру, іс-шараларды уақытылы орындау, бөлінген қаражатты тиімді және мақсатты пайдалану, сондай-ақ жұмыстардың сапасын тұрақты бақылау талап етіледі. Тек жергілікті деңгейде жауапкершілікпен жұмыс атқарғанда ғана біз қойылған мақсаттарға жете аламыз.

Баяндама жасап болғаннан кейін басқа да министрлік өкілдерімен бірге ауыл әкімдерінің сұрақтарына жауап бердім. Сұрақтар ауыл тұрғындарын суару суымен қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялау және пилоттық жобаларды іске асыру, каналдар мен коллекторларды реконструкциялау, жаңа су қоймаларын салу, ауыл шаруашылығы мен екінші сектордағы жеке шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.

  • 10.12.2025
  • 3
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика