• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Премьер-министрдің орынбасары Канат Бозымбаевтың төрағалығымен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында алдағы вегетация кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. Шаруалар мен жергілікті атқарушы органдарға келесі жылға болжанып отырған су көлемі және су ресурстарының азаюы әсерін жеңілдету шаралары туралы түсіндірдік.

Біздің және Орталық Азия елдеріндегі әріптестеріміздің болжамдары бойынша, алдағы вегетация маусымында су ресурстарының көлемі соңғы жылдармен салыстырғанда азаюы мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су жетіспеушілігі тәуекелі бар.

Суды ұқыпты әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Үкімет бірқатар маңызды шешім қабылдады. Вице-премьер Канат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бағытында арнайы жұмыс тобы құрылады. Су ресурстары және ирригация министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және жергілікті атқарушы орган мамандары алдағы маусымда болжамды су көлеміне қарай ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын айқындайды.

Түркістан облысында күріш егісін 3,5 мың гектарға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұсынысына сәйкес, күріш тек «Қызылқұм» каналы бойында және су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы ғана егілуі тиіс.

Министрлік пен өзге де жауапты органдар осы жоспардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайды. Шаруа қожалықтары жағдайды түсініп, келесі жылы егінсіз қалмас үшін ылғал көп қажет ететін дақылдарды егуге үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.

Жамбыл облысында шаруаларға су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Бүгінде министрлік су үнемдеу жүйелеріне тез әрі тиімді көшуге барлық жағдай жасап жатыр. Ұңғымаларды бұрғылау, инфрақұрылым тарту және су үнемдеу жабдықтарын сатып алу шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Суармалы суға сараланған тариф енгізілді. Су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруашылықтар үшін су құнының субсидиясы 60%-дан 85%-ға дейін артты.

2026-2028 жылдарға арналған жалпы трансферттер шеңберінде су үнемдеу технологияларын енгізуді және егінге қажетті су құнын субсидиялауды қолдауға өткен үш жылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп қаражат бөлінді.

Қаржылық ашықтық пен су ресурстарын әділ бөлуді қамтамасыз ету үшін суармалы су беру бойынша электронды келісімшарттар жасасу жүйесі әзірленді. Қазір біздің министрлікке қарасты ұйымдардың мамандары осы жүйемен жұмыс істеуді үйреніп жатыр.

  • 10.12.2025
  • 4
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика