- Блогтар
- Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.
ҚР Энергетика министрі
Энергетика министрі KAZENERGY кеңесінде ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жариялады
Астана, 2025 жылғы 9 желтоқсан – ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің 44-ші отырысына қатысты. Жиын барысында министр биылғы жылдың бірлескен жұмысына қорытынды жасап, отын-энергетика кешенін дамытудың негізгі басымдықтарын атап өтті.
Ведомство басшысы өз сөзінде 2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылуына тоқталды. Құжат өндірістік қуатты жаңғыртуды және жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдейтін жаңа зауыт салуды қарастырады. Жобаны іске асыру мақсатында Ерлан Ақкенженов қауымдастыққа әлеуетті инвесторларды, оның ішінде ЭЫДҰ елдерінен тарту бағытталған арнайы Road-show ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сонымен бірге заң шығару жұмысының нәтижелері де айтылды. Атап айтқанда, «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» заң жобасы әзірленіп, 2029 жылға дейінгі газ саласын дамытуға арналған кешенді жоспар бекітілді. Қауымдастық алаңында жаңартылатын энергия көздері бойынша заңнаманы инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Басқосуда сала ғылымын дамыту мәселесіне де назар аударылды. Сарапшылар қауымдастығының қолдауымен мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы ғылыми-зерттеу институт құру туралы шешім қабылдады.
Жиын соңында Энергетика министрі инвестициялық климатты жақсарту және энергетика саласын дамыту бағытында KAZENERGY қауымдастығымен әрі қара да конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
- 10.12.2025
- 5


