- Блогтар
- Cүлейменова Ж.Д.
Cүлейменова Ж.Д.
ҚР Оқу-ағарту министрi
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Институционалдық аккредитация сертификатына ие болды
Германияның ACQUIN – аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жұмысы әлемдік білім сапасы стандарттарына толық сәйкес келетінін растады.
Өрлеу» ұлттық орталығы жұмыс сапасын арттыруға және үнемі жетілдіруге басымдық береді. Біз тыңдаушыларымыздың қажеттіліктерін талдау үдерісін күшейту, оқытудың гибридтік түрлерін енгізу, білім беру бағдарламалары мен ПОҚ біліктілігіне қойылатын талаптарды арттыру, курстан кейінгі қолдауды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл шаралар бізге аудиторияны кеңейтуге және халықаралық деңгейде бірегей білім беру өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.
ACQUIN институтының құрамына 150-ден астам халықаралық жоғары оқу орны мен кәсіби ғылыми қауымдастық кіреді. ACQUIN қызметі EQAR, ENQA, EUA, CEENQA және INQAAHE сияқты беделді халықаралық агенттіктермен танылған.
- 10.12.2025
- 4


