• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елімізде жаңартылған екі өткізу пункті іске қосылды

Қазақстан үшін өткізу пункттерін жаңғыртудың стратегиялық маңызы зор. Еуропа мен Азияны жалғайтын транзиттік хаб тұрғысынан бағамдасақ, еліміз шекара маңында жылдам, озық технологиямен жарақтандырылған және қауіпсіз дәліздерді құруға тікелей мүдделі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде екі жаңартылған автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Айталық, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарад орналасқан «Темір баба» пункті.

Айта кету керек, жаңғырту бағдарламасы Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларында орналасқан жалпы 9 өткізу пунктін қамтиды. «Қапланбек», «Атамекен», «Қалжат» және «Алакөл» сынды бірқатар нысандағы жұмыстар аяқталды, ал жыл соңына дейін «Тәжен», «Майқапшағай» және «Бақты» пункттерін жаңғыртудан өткізу көзделген.

Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысы мен жүк тасымалына кедергі тигізбей жүргізілді. Осы мақсатта уақытша қозғалыс схемасы ұйымдастырылып, бұл кептелістердің алдын алып, жүк және жолаушылар қатынасын үздіксіз қамтуға мүмкіндік берді.

Жаңа технологияларды енгізу шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін азайтып, жүк өткізу қабілетін тәулігіне 1 000 автомобильге дейін ұлғайтуға әсер етті. Қазір жаңартылған өткізу пункттері арқылы көлік ағыны 2,5 есе артты. Мәселен, 2022 жылы шекарадан 640 мың көлік өтсе, бүгінде бұл көрсеткіш 1,5 млн дейін өсті.

Жаңғыртудан өткен «Қазығұрт» ӨП халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи технологиялық кешен болып саналады. Мұнда көлікті тіркеудің автоматты жүйесі, заманауи сканерлеу жабдықтары, салмақ габаритті жүйелер, сондай-ақ рентген-телевизиялық қондырғылар, «тепловизорлар» және радиациялық бақылау құралдары бар. Қозғалыс ағыны жаяу жүргіншілерге бөлек, жеңіл және жүк көліктері үшін бөлек қарастырылған. Бұл қауіпсіздік пен жайлы қозғалысты арттырады. Жүк көліктері үшін техникалық бақылаудан үздіксіз өтуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған дәліздер ұйымдастырылған.

Инфрақұрылымды жаңартумен қатар кеден рәсімдерін цифрландыру бойынша жұмыс белсенді іске асырылып келеді. Атап айтсақ, толықтай интеграцияланған цифрлы кеден сервисін қарастыратын Keden ақпарат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Аталған жүйе экспресс-жүктермен жұмысты, тауарларды есепке алуды және виртуалды қоймаларды автоматтандырды. Қазіргі уақытта жасанды интеллект негізінде тауарлар мен қызметтерді декларациялау модулі іске қосылып келеді. Мақсат – электронды декларацияның толық циклін аяқтау және 2026 жылы тиімділікті бақылау, сараптау және бағалау үшін жаңа модульдерді енгізу. Бұл амал бизнес үшін жұмысты айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдетеді.

Сәуір айында Өзбекстанмен шектесетін аймақта жатқан «Жібек жолы» өткізу пунктін ауқымды жөндеу жұмыстары басталған-ды. Жаңа кешен жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді құрайтын екі заманауи жолаушылар терминалын және автокөлікке арналған бірыңғай шатырды қамтиды. 2026 жылы шілдеде тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін осы пункттің өткізу қабілеті тәулігіне 70 мың адамға дейін және 2 мың жеңіл автомобильге дейін ұлғаяды деп жоспарланған.

Тағы бір инновациялық бағыттардың бірі – Қытаймен бірлесіп қолға алынған «Бақты-Покиту» жобасы саналады. Қытай тарапы екі аумақта да толық автоматтандырылған логистикалық орталық құруға шамамен 50 млн доллар көлемінде инвестиция жұмсамақ. Осы жобаның аясында жүктерді тасымалдау бағытында ұшқышсыз электр шаттлдарын пайдалану, зияткерлік логистиканы, AGV-терминалдарды, зарядтау стансаларын енгізу және бүкіл өңірде жоғары технологиялық көлік дәліздерінің бірін құрып, екі елдің цифрлы жүйелерінің толық интеграциясын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Аталған нысандарды іске қосу – мемлекеттік органдардың, мамандардың, инженерлердің, құрылысшылардың және шекаралық қызметтердің бірлескен жұмысының нәтижесі. Біз экономиканы дамытуға басмдық беріп, Қазақстанды ашық, сенімді және бәсекеге қабілетті транзиттік хаб ретінде айқындайтын заманауи, технологиялық және ыңғайлы инфрақұрылымды дамытуға мән беріп келеміз. Сол сияқты өткізу пункттерін жаңғырту – Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асырудың жүйелі қадамы. Біз сауданы нығайтып, бизнестің жұмысын жеңілдететін және елімізді аймақтағы негізгі логистикалық торапқа айналдыратын заманауи инфрақұрылымды жолға қойып келеміз.

 

  • 12.12.2025
  • 13
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика