• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТМРК басшысы ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында Қазақстанның жетекші құбыр және кабель өндірушілерін аралады

Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысында отандық тауар өндірушілерді қолдауға айрықша мән берілуде. Бұл қадам тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен энергетика салалары үшін жергілікті материалдар мен жабдықтар өндірісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақстандық өнімді пайдалану инфрақұрылымды жаңғырту, жобалардың тиімділігін арттыру және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен және энергетика министрлігімен бірлесіп 2026 жылға арналған тауарлар мен материалдарға қажеттіліктерге талдау жасады. Қорытындысы бойынша құбырларды, кабель-өткізгіш және электрондық өнімдерді, дәнекерлеу жабдықтарын, бекіту арматурасын, цементті, құмды, бетонды және басқа да негізгі материалдарды қамтитын 439 млрд теңгеге тауар позицияларының тізбесі қалыптастырылды.

2026-2029 жылдарға арналған қажеттіліктер болжамы 2 786 позиция бойынша 2,2 трлн теңгені құрады, бұл алдағы жобалардың ауқымын және отандық компаниялардың қатысуының жоғары әлеуетін көрсетеді.

Талдау нәтижелері бойынша тауарлардың негізгі түрлерін жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті 172 әлеуетті қазақстандық өндірушілердің тізбесі айқындалды.

Бүгін, 2025 жылғы 3 желтоқсанда Комитет төрағасы Тимур Қосымбаев Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдерімен бірлесіп «PolyTech Astana» ЖШС, «Арыстан «Астана құбыр зауыты» ЖШС, «BERTYS MACHINERY» ЖШС және «Amitech Astana» ЖШС сияқты отандық тауар өндірушілердің бірқатар объектілерін аралады.

Шолу барысында делегация кәсіпорындардың өндірістік үдерістерін, заманауи жабдықтарын, өнім сапасын және қолданыстағы өндірістік қуаттылықтарын зерделеді. Ұлттық жобаға қажетті тауарларды жеткізу көлемін арттыру және өнім номенклатурасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға табиғи монополия субъектілері, EPC-мердігерлері және отандық тауар өндірушілер қатысты. Тараптар қажеттіліктерді жоспарлау, тікелей келісімшарттар жасасу, өндірістік кестелерді үйлестіру және жеткізу тізбегіндегі кедергілерді жою мәселелерін талқылады.

ТМРК төрағасы EPC-мердігерлердің отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл тәртібін түсіндіріп, ЭКСЖ жобаларын іске асыру барысында қазақстандық өнімді барынша қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ өндірушілерді жоспарланған сатып алулар туралы алдын ала хабардар ету қажеттігін айтты — бұл кәсіпорындарға өндіріс көлемін арттыруға және тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Отандық кәсіпорындардың өнімін қолдану салаларды сапалы материалдармен қамтамасыз етеді, сатып алулардың ашықтығын арттырады, импортқа тәуелділікті төмендетеді және инвестициялардың ел ішінде қалуына ықпал етеді. Бұл ұлттық экономиканың өсуіне, өнеркәсіптік әлеуеттің нығаюына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасайды.

  • 15.12.2025
  • 28
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика