• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Энергетика министрлігі: жүйелі трансформация жылы — индустриялық алыптарды іске қосудан инфрақұрылымды цифрлық бақылауға дейін

Астана, 2025 жылғы 15 желтоқсан — Astana Hub алаңында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кеңейтілген кездесуі өтті. Ведомство басшысы отын-энергетика кешенінің есепті жылдағы қорытындыларын ұсынып, бұл кезеңді дағдарысқа қарсы басқаруды аяқтап, ауқымды стратегиялық міндеттерді іске асыруға көшу уақыты ретінде сипаттады.

Кездесуді аша отырып, Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау саланың дамуына деген көзқарастың түбегейлі өзгеруін талап еткенін атап өтті.

«2025 жылдың қорытындысын шығара отырып, біз бұл жылды саланың жүйелі трансформация кезеңі деп сеніммен айта аламыз. Өтіп бара жатқан жыл сапалы құрылымдық өзгерістермен ерекшеленді: индустриялық алыптарды іске қосудан бастап әрбір пәтерді тұрақты жылумен қамтамасыз етуге дейін. Басты мақсат — елдің экономикалық егемендігінің іргетасы саналатын энергетикалық қауіпсіздікті нығайту», — деді Министр өз сөзінде.

Мұнай-газ саласындағы басты оқиға — Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы болды. Үшінші буын зауытының іске қосылуы жыл сайын 12 млн тонна көлемінде қосымша мұнай өндіруге мүмкіндік беріп, ұлттық экономика үшін ұзақ мерзімді әрі қуатты экспорттық кіріс көзін қалыптастырады.

Баяндамасында ведомство басшысы өңдеу саласы мен жанар-жағармай нарығына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бағаны қолмен реттеуден бас тартып, нарықтық тетіктерге көшу саланы сауықтырып, отын тапшылығының алдын алуға мүмкіндік берді. Болашаққа тоқтала келе, Министр 2040 жылға дейінгі бекітілген өндірістік бағдарларды атап өтті, олар үш қағидаға негізделген: қуат, сапа және ғылым.

«Біз мұнай өңдеу көлемін қазіргі 18 млн тоннадан жылына 39 млн тоннаға дейін жеткізуді мақсат етіп қойдық. Ол үшін қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауытын кеңейту көзделген», — деді Ерлан Ақкенженов.

2025 жылы CaspiBitum зауытын жаңғырту аяқталып, оның қуаты 1,5 есеге артты, ал битум өндірісі 750 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар Шымкент, Атырау және Павлодар зауыттарын кеңейту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ қуаты 10 млн тонна болатын төртінші МӨЗ салу үшін инвесторлар тарту мәселесі пысықталуда.

Электр энергетикасы мен жылумен қамту мәселелеріне тоқталған Министр көпжылдық теріс үрдістің еңсерілгенін мәлімдеді. «Тариф — инвестицияға айырбас» қағидатының тиімділігінің арқасында станцияларды жөндеуге салынған инвестициялар 20%-ға артты. Нәтижесінде 323 км жылу желісі жөнделіп, апаттылық деңгейі төрттен біріне төмендеді.

«Жүргізілген жұмыстың нәтижесі нақты сенімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. Алғаш рет көптеген жылдардан кейін ел бойынша ЖЭО жабдықтарының жалпы тозу деңгейі төмендей бастады және 61%-ды құрады. Барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарының орындалуы тәуекел аймағынан тоғыз энергия көзін шығаруға мүмкіндік берді», — деді Министр.

Сондай-ақ ол елдің энергожүйесі рекордтық 118 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіргенін, Топар мен Текелі нысандарында жаңа қуаттардың іске қосылғанын атап өтті.

Газ саласында Министрлік ресурс базасын нығайту және ауқымды әлеуметтік газдандыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Хайркелді, Тұзкөл және Тасболат атты үш жаңа кен орны пайдалануға берілді, ал халықты газбен қамту деңгейі 64,2%-ға жетті (қосымша 350 мың адам қосылды). Негізгі инфрақұрылымдық жетістік ретінде «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының мерзімінен бұрын іске қосылуы аталды.

«Мемлекет инфрақұрылымды дамытуға 112 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады. Табиғи газ елдің ең шалғай өңірлеріндегі тұрғындар үшін қолжетімді игілікке айналды», — деді Министр.

Сонымен қатар әртараптандыру бағытындағы жетістіктер де атап өтілді: мұнай-газ химиясы секторы 12%-ға өсті, Атырауда полиэтилен, Павлодарда алкилаты зауыттарының құрылысы басталды. Жасыл энергетикада қуаты 266 МВт болатын жобалар іске қосылып, ЖЭК үлесі 7%-дан асты, сондай-ақ қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салуға арналған тарихи аукцион өткізілді.

Кездесу соңында Ерлан Ақкенженов EnergyTech жүйесін және жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүзеге асырылып жатқан цифрлық трансформация туралы айтты. Оның сөзінше, электр беру желілерін тексеруде дрондарды, ал құбырларды диагностикалауда роботтарды қолдану өз тиімділігін көрсетіп отыр.

«Енгізіліп жатқан құралдар тәжірибеде өз нәтижесін дәлелдеуде. Негізгі міндеттер — әуе желілеріндегі ақауларды анықтау және жылу желілерінің ішкі диагностикасы. Бұл бағыттағы экономикалық тиімділік ондаған миллиард теңгемен өлшенеді», — деп түйіндеді Энергетика министрі.

  • 15.12.2025
  • 7
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

Ақкенженов Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика