• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
100 км газ желісі: Целиноград ауданының Қараөткел ауылы көгілдір отынға жоспардан ерте қосылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысы  Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылының тұрғындары алғаш рет табиғи газға қол жеткізді. Бұл ауыл тұрғындары үшін жай ғана тұрмыстық қолайлылық емес, өмір сапасын арттыруға үлкен әсер ететін маңызды қадам. Жоба өңірлік әкімдік, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның үйлесімді жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Газдандыру елорда агломерациясын дамытуға бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігі ретінде жүргізілуде.

Компания мәліметінше, газ желілерінің құрылысы өткен жылы басталып, жоспардан бұрын аяқталған. Бастапқыда нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған еді. Алайда жеделдетілген жұмыс қарқыны мен жеткізуші газ құбырын уақытылы салу арқасында көгілдір отын биылғы желтоқсан айында-ақ ауылға жеткізілді.

«Қараөткелдің табиғи газға қосылуы – бүкіл аудан үшін маңызды оқиға. Жоба аясында 63 шақырымдық тарату желілері салынып, 15 газ тарату пункті орнатылды. Бұл шамамен 5 мың тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов.

Ауыл ішіндегі әртүрлі қысымдағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 100 шақырымға жетті. Алғашқы үш іске қосу кешені 4 110 үйдің ішінен шамамен 2 460 үйді газбен қамтуға мүмкіндік береді. Заманауи газ тарату пункттері газдың тұрақты әрі қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді, бұл солтүстік климат жағдайында аса маңызды.

«Біз жұмысты айтарлықтай жеделдеттік, соның арқасында Қараөткел тұрғындарын газбен жоспарланған мерзімнен ерте қамтуға қол жеткіздік. Газдандыру – бұл тек жайлылық емес, сонымен бірге тұрғындар үшін елеулі үнем. Дегенмен, қауіпсіздік мәселелері біз үшін әрқашан басты орында», — деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры Уәлихан Қымбатов.

Ауыл тұрғындары үшін бұл оқиға көптен күткен әрі тарихи сәт болды.

«Бұрын қыста пешті тәулік бойы жағып отыруға тура келетін. Қазір өмір әлдеқайда жеңілдеді. Ауылымызға газ жеткізуге атсалысқандардың бәріне үлкен рақмет», — деді Қараөткел тұрғыны Рукия Ажарбаевна.

Қараөткелді газдандыру – Ақмола облысының елді мекендерін табиғи газбен қамтуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі. Тек биылдың өзінде көгілдір отын Нұрлы, Шұбар, Аққайың, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин, Қоянды ауылдарына және Қосшы қаласына берілді. Осы жобалардың арқасында 42 мыңнан астам адам экологиялық әрі заманауи отынға қол жеткізді.

2026 жылы тағы жеті елді мекенді газға қосу жоспарланып отыр. Ол жерлерде шамамен 114 мың адам тұрады. Сонымен қатар тағы сегіз ауылды газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

  • 17.12.2025
  • 20
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика