• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Әсет Ерғалиев Сенатта жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды

Палата спикері Мәулен Әшімбаевтің төрағалығымен өткізілген ҚР Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту жөніндегі заң жобасына түзетулерді таныстырды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейтуді, бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дербестігін кеңейту мен жауапкершілігін күшейтуді көздейтін заңнамалық түзетулер ұсынылып отыр.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетін нығайту үшін бюджеттің IV деңгейіне салық пен төлемнің қосымша төрт түрін табыстау ұсынылуда. Бұл бірыңғай жер салығы, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан түскен түсім, жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемі. Аылдық округ әкімінің аппараты бюджетіне жоғары деңгейлерге ұқсас 20%-тен аспайтын көлемде түзету енгізу көзделуде.

Бюджет кодексіне аудан мен ауылдық округ бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферт көлемін қаржылық жыл ішінде өзгертуге жол бермейтін нақтылау нормасы енгізіледі.

«Осылайша, ауылдық округ әкімдерінің аппараты ауылдық округтердің салық базасын субвенцияларды азайту немесе бюджеттік алуларды ұлғайту қаупінсіз көбейтуге мүдделі болады», - деп атап көрсетті министр.

Мәслихаттардың шешімдерін әділет органдарында тіркеу қажеттілігі жөніндегі норманы алып тастап, ауылдық бюджеттерді бекіту рәсімін оңайлату ұсынылады.

Сондай-ақ, әкімшілік-аумақтық бірліктер санатын өзгерту тәртібін анықтау ұсынылады. Заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қала мәртебесін өзгерту бес жыл ішінде, ал ауылдар үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

«Яғни, жергілікті атқарушы және өкілді органдар осы кезең ішінде елдімекендердің экономикалық дамуы үшін оның келешегін ескере отырып, шаралар қабылдауы тиіс», - деп түсіндірді ҰЭМ басшысы.

Түзетулердің жеке пакеті мәслихат пен оның депутаттарының мәртебесін арттыруды көздейді. Атап айтқанда, мәслихат сессиясы төрағасының қызметін таратып, оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру ұсынылады. Сонымен қатар, әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда мәслихаттардың тұрақты комиссиялары төрағаларының босатылған екі лауазымын енгізу ұсынылады.

«Министрлік аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізу мәселелері бойынша заң жобаларын әзірледі. Тікелей сайлау жұмыс істеп тұрған әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай жүзеге асырылады және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Ағымдағы жылғы екінші жартыжылдықта тікелей сайлау 836 әкімге қатысты болады», - деді Ұлттық экономика министрі.

  • 20.03.2021
  • 284
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика