• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңір басшысы Асхат Шахаров Байғанин ауданына жұмыс сапарымен барды

Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапары барысында алдымен Қарауылкелді ауылына барды. Мұнда ол «Ақрайыс-2025» АӨК-нің мал сою және өңдеу цехы құрылысының барысымен танысып, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар үшін салынып жатқан тұрғын үйлерді бағамдады.
 

«Ақрайыс-2025» АӨК өкілі Руслан Хайрмухамбетовтың айтуынша, 100 бас жылқыға арналған бордақылау алаңы, жем-шөп пен астық сақтайтын қоймалар, 15 бас ірі қара малға арналған сою цехын және еттен жартылай фабрикаттар өндіретін заманауи өңдеу цехын салу жоспарланып отыр. Жеке инвестиция көлемі 87 млн теңгені құрайды, қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталған.


Цехтар іске қосылғаннан кейін «Ақрайыс-2025» АӨК сүт өнімдерін, оның ішінде қымыз бен жартылай фабрикаттарды өндіруді жолға қойып, өнімдерін өз брендімен шығаруды қолға алған.

Қазіргі уақытта үш шаруа қожалығын біріктірген кооперативте тұрақты негізде бес адам жұмыс істейді. Маусымдық жұмыстарға қосымша он адам тартылуда. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ кәсіпкер жұмысшылар үшін жатақхана салуда.
 

Облыс әкімі мал сою цехының іске қосылуы өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосатынын, жергілікті өндірушілерді қолдап, аудан тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашатынын, мал шаруашылығы мен өнімді қайта өңдеуді дамытуға және халықты сапалы ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Одан кейін Асхат Шахаров облигациялық бағалы қағаздар есебінен қаржыландырылып жатқан әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын қарап шықты.
 

Байғанин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Жұбаныштың мәліметінше, 43 пәтерден тұратын 22 үй салынуда. Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, жетім балалар және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, және 1 -2 топ мүгедектері, толық емес отбасы, зейнеткерлер, мүгедек бала асыраушы отбасыларына арналған кезекте тұрғандар үшін қарастырылған. Үйлерге барлық инженерлік желілер — электр қуаты, су және газ тартылған. Аталған мақсаттарға жалпы құны 819 млн теңге бөлінген.


Облыс әкімі барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Асхат Шахаров әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды қолжетімді әрі жайлы баспанамен қамтамасыз ету өңір үшін басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтіп, жүзеге асырылып жатқан жобалар аудан тұрғындары үшін лайықты өмір сүру жағдайын қалыптастыратынына сенім білдірді.

  • 22.12.2025
  • 1
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика