• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады

Бүгін Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде оқитын 500-ден аса студент «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» тақырыбында өткен TEDx форматындағы мазмұнды кездесуге жиналды.   

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысты. Сондай-ақ, QazVac вакцинасының авторы, биология ғылымдарының авторы Күнсұлу Закарья, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер, Халықаралық «Алтын скальпель» сыйлығының иегері, «Қазақстанның интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтар қоғамының» вице-президенті  Мыңжылқы Бердіқожаев, спорт медицинасы және реабилитология саласының білгірі, халықаралық деңгейде танылған ғалым, профессор, PhD дәрежесінің иегері Елтай Рахманов сияқты тұлғалар арнайы қонақ ретінде шақырылған.   

Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен жалпыұлттық құндылықтарды жастарға кеңінен түсіндіру, «Әділетті Қазақстан» идеясын дәріптеу және болашақ медицина мамандарының азаматтық жауапкершілігін арттыру. Бұл ретте Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Еңбек адамы» және «Таза Қазақстан» бағдарламалары аясында адал еңбек пен кәсіби жауапкершіліктің маңызына айырықша назар аударылды.  

Алқалы жиын барысында елді, жерді сүю, отаншылдық, әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық, заң мен тәртіп, бірлік пен ынтымақ сынды құндылықтар жеке тақырыптар аясында қозғалды.  

  «Мен қарапайым отбасыда тәрбиелендім. Әкем мен анам медицина саласында қызмет етті. «Дәрігер бол, осы университетке оқуға түс» деп, ақыл-кеңесін айтып отырды. Бірақ, мен басқа саланы таңдадым. Ата-анам берген тәрбие мені өмірде табандылыққа, жауапкершілікке және өз күшіме сенуге үйретті. Сіздерге айтпағым, әр минутты тиімді пайдаланыңыздар. Жаманнан жиреніп, жақсыны үйреніңіздер. Әрбір ісіңіз, әр қадамыңыз – арманыңызға жетудің нақты жолы. Сондықтан өзіңізге сеніңіз, талпыныңыз, күш-қуатыңызды толық пайдаланыңыз және ешқашан қиындыққа берілмеңіз. Өмірде кездесетін сынақтар мен кедергілер – сізді мықты әрі табанды ету үшін беріледі. Әр азаматтың жетістігі – еліміздің жарқын болашағының негізі екенін ұмытпаңыз», - деп өңір басшысы болашақ ақхалаттыларға жол сілтеді. 

  Пандемия кезеңіндегі отандық ғылым жетістігі де назардан тыс қалмады. QazVac вакцинасын жасаған ғалым, биология ғылымдарының докторы Күнсұлу Закарья «Жасампаздық пен жаңашылдық» тақырыбында сөз сөйлеп, ғылымға адалдық пен табандылықтың нәтижесі туралы тәжірибесімен бөлісті.  

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының алдында бір жарым сағат отырып, отандық вакцинаның тигізер пайдасын, ғылымды дамыту жолындағы ойларымды айтып, үлкен қолдауға болдық. Жарты жыл ішінде QazVac вакцинасы өндіру үшін қаржы мен  рұқсатымызды алдық.  Дүниежүзіндегі бес мемлекет дайындағы вакцина қатарына біздің, отандық вакцина қосылды. Бұл - отандық ғылымның әлеуеті жоғары екенін дәлелдеген, қазақстандық ғалымдардың табандылығы мен елге деген жанашырлығының нақты көрінісі», - деді ғалым. 

  Сондай-ақ, 7500-ден астам күрделі ота жасаған жоғары санатты нейрохирург, халықаралық «Алтын скальпель» сыйлығының иегері Мынжылқы Сайлауұлы «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылығы жөнінде баяндама жасады.  

«Әділдік пен жауапкершілік» тақырыбын халықаралық деңгейде танылған ғалым, спорт медицинасы және реабилитология саласының маманы Елтай Өтемұратұлы ашып, медицинадағы әділ шешім мен кәсіби этиканың маңызын атап өтті.  

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев сөз сөйлеп, қоғам қауіпсіздігі мен заң үстемдігінің рөліне тоқталды.  

Кездесу барысында медицина ғылымдарының кандидаты Вадим Медовщиков «Бірлік пен ынтымақ» тақырыбында көптілділік, сабақтастық және медициналық білім берудегі заманауи тәсілдер туралы ой қозғады.

  • 22.12.2025
  • 4
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика