• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жас әрі талантты ақтөбеліктерге өңірлік «Ақберен» сыйлығы табысталды

Бүгін алғаш рет өңір жастарын қолдауға арналған ерекше шара – «Ақберен» жастар сыйлығының марапаттау кеші өтіп, белсенді әрі жалынды жастардың басын біріктірді.

Шараға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров дарынды жастарды қолдау – маңызды міндет екенін айтып, олардың аймақтың дамуына қосып жатқан үлесін жоғары бағалады. 

«Бүгін біз Ақтөбе облысының білім, спорт, шығармашылық және қоғамдық қызмет салаларында елеулі жетістіктерге жеткен белсенді де дарынды жастарын құрметтеп отырмыз. Президентіміздің «Жастар – елдің ең үлкен капиталы, ең қуатты күші» деп үнемі атап өтіп, сонымен бірге, «ел болашағы – білімді, ұлтжанды, жауапты ұрпақтың қолында» деген сөздері барлығымызға бағыт-бағдар. Осы тұжырымдар бізді жас буынды қолдау мен тәрбиелеу ісінде нақты қадамдар жасауға жетелейді. Әрқайсысыңыз бойыңызда отансүйгіштік, жауапкершілік, еңбекқорлық пен шығармашылық көзқарасты қалыптастыруыңыз маңызды. «Ақтөбе жастары» және «Тәуелсіздік ұрпақтары» сияқты қолдау бағдарламалары өз мақсаттарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сіздердің жетістіктеріңіз – бүкіл өңірдің мақтанышы әрі өскелең ұрпаққа үлгі. Алдағы уақытта да табысты еңбек етіп, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін!», – деді облыс әкімі.

Асхат Шахаров жастарды қолдау мемлекеттің стратегиялық басымдығы екенін атап өтті. Биыл «Ақтөбе жастары» бағдарламасы аясында 109 жас тұрғын үймен қамтылды. Белсенді жастар өз жобаларын жүзеге асыру үшін 1,3 млн теңге көлеміндегі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына үміткер бола алады. Сонымен қатар «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы үш мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылды, ал «Жайдарман» жобасы олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етті.

Іс-шара барысында өңір басшысы түрлі салада жоғары жетістіктерге жеткен жастарға алғыс білдірді. Олардың қатарында «Dara Bala» білім беру ақпараттық жүйесінің авторы Мақсат Бисенов, «RobiGroup» компаниясының негізін қалаушы және еліміздегі алғашқы гуманоид роботты жасаушы Ермек Серікбай, «Thousand IT Group» компаниясының жетекшісі Айболат Құлатай бар. Сондай-ақ спорт пен өнер саласының өкілдері де марапатталды. Атап айтқанда, республикалық «Алтын домбыра» айтысында екінші орын алған айтыскер Нұрбол Жауынбаев және грек-рим күресінен әлем мен Азияның екі дүркін чемпионы Жаңажол Қуанышбек.

«Ақберен» сыйлығын табыстау рәсімі жетістіктер мерекесі ғана емес, жастарды жаңа белестерге жетелейтін, қабілеттерін дамытуға және өңір өміріне белсенді араласуға шабыт беретін маңызды алаңға айналды.

Аталған сыйлыққа Байғанин және Шалқар аудандарының «жастар ресурстық орталықтарының үздік басшылары» Мейірболат Шандыбай мен Айбек Ембергенов лайық деп танылды. «Үздік журналист» аталымын Назерке Алдиярова иеленсе, «Жастар ісі жөніндегі комитеттің үздік төрайымы» – Жұлдыз Қалдыбай атанды. «Үздік жас кәсіпкер» – Батылжан Жеткерген, «Үздік студент» – Бексұлтан Төлеусары, ал «Үздік қызметкер» – Марғұлан Үмбаев деп танылды. «Үздік офицер» атағы Сайран Сисенбайға берілді, ал «Үздік ұйым» номинациясында Фархад Сағынбай жеңіске жетті.

Ақтөбе облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 267 мыңнан аса жас бар. 

  • 22.12.2025
  • 5
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика