• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті ақмолалықтар! Қадірлі жерлестер! Сіздердің баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Қайта жаңарған Наурыздың тарихы – біздің отыз жылдық тәуелсіздігіміздің тарихы! Биыл біз бұл мейрамды үлкен шараларсыз атап өтеміз. Бұған да себептер бар. Әлемде әлі де коронавирус қаупі сақталып отыр. Бірақ, көктеммен келген мерекелік көңіл-күйді ештеңе бұза алмайды. Ең бастысы, біз біргеміз және бар қиындықты бірлесіп жеңеміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біздің басты құндылығымыз – халықтың бірлігі» деп орынды атап өткен болатын. Осы бірлігіміз бен рухымыздың беріктігінің арқасында еліміз отыз жылдан бері өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетуде. Соның ішінде халықтың әл-ауқаты төмен топтарын қолдау, азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері өз шешімін тауып, еңбекақы мен зейнетақы, жәрдемақы мен шәкіртақы тұрақты түрде өсіп келеді. Бүгінгі таңда «Индустриалдық-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламалары ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Мұның өзі жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпорындардың іске қосылып, тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар, бала бақшалар мен жолдардың салынып, жөнделуіне мүмкіндік туғызуда. Осы орайда, еліміздің, соның ішінде облысымыздың дамуына белсене атсалысып, осы іске елеулі үлестерін қосқан азаматтарға алғысымды білдіремін. Биылғы жыл да біз үшін мемлекетіміздің экономикалық жағдайы мен халқымыздың бірлігін нығайтуда, қоғамымыздың тұрақтылығын сақтауда жемісті жыл болатынына сенім мол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атап өткеніндей, Наурыз мейрамы этникалық шығу тегі мен қай дінді ұстанатынына қарамастан, барлық қазақстандықтардың ортақ мейрамы болып табылады. Біз қашанда жаңа жылдан жақсылық күткен халықпыз. Алда да солай болып, жетістіктеріміз бен табыстарымыз молая берсін. Әр шаңыраққа денсаулық, ынтымақ-бірлік пен ырыс- береке тілеймін. Ел іргесі берік, еңсесі биік болып, жаңа жыл жақсы қуаныштарға кенелтсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!

  • 22.03.2021
  • 279
Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика