- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе кәсіби білім жөніндегіхалықаралық диалог алаңына айналды
«Білім. Дағды. Болашақ» форумы Мемлекетбасшысының бастамасымен жарияланғанЖұмысшы мамандықтар жылы аясындаұйымдастырылды. Ол техникалық және кәсіптікбілім беру жүйесін дамытудың өзектімәселелерін талқылауға, халықаралықтәжірибені зерделеуге және еңбек нарығыныңсұранысына сай бәсекеге қабілетті жұмысшыкадрларды даярлаудың тиімді тетіктерінәзірлеуге арналған маңызды диалог алаңынаайналды.
Күннің бірінші жартысында алқалы форум өтті. Оған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарыЖолдас Батырхан, Оқу-ағарту вице-министріШынар Ақпарова, сондай-ақ Қытай, Франция, Жапония, Германия, Беларусь жәнеӨзбекстаннан келген халықаралық сарапшыларқатысты. Қатысушылар қатарында колледж өкілдері, қоғамдық ұйымдар және орта арнаулыоқу орындарының әлеуметтік серіктестеріболды.
Облыс әкімінің орынбасары ЖолдасБатырхан форум қатысушыларына құттықтаусөз сөйледі.
«Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болыпжарияланып, ел дамуындағы еңбек адамыныңайрықша орны мен маңызына ерекше мәнберілді. Бұл – маңдай терімен ел экономикасыналға сүйреп келе жатқан жұмысшы қауымғакөрсетілген жоғары құрмет, кәсіби білім мен біліктілікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталғанстратегиялық қадам.
Өңіріміздің - өнеркәсіптік әлеуеті жоғары, тау-кен, металлургия, энергетика, агроөнеркәсіп, көлік-логистика салалары қарқынды дамып кележатыр. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардымеңгерген, еңбек нарығы талаптарына сайбәсекеге қабілетті мамандарды даярлау аса маңызды.
Облыста дуальді оқыту жүйесі енгізіліп, колледждердің материалдық-техникалық базасыжаңартылуда, педагогтердің біліктілігіарттырылып жатыр. Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен жобалар жүзегеасырылып, халықаралық тәжірибе алмасукеңеюде. Форум жұмысы нәтижелі өтіп, нақтыұсыныстар мен жаңа серіктестік жобаларға жолашады деп сенемін», – деді Жолдас Батырхан.
Өз кезегінде Оқу-ағарту вице-министріШынар Ақпарова бұл жыл еліміздіңэкономикалық және әлеуметтік дамуы үшінмаңызды кезең болғанын атап өтті. Жұмысшымамандықтар жылы аясында жастарды еңбеккетартуға, кәсіби бағдар беруге және техникалықбілімге қызығушылығын арттыруға бағытталғанбірқатар іс-шаралар өткізілген.
Мамандық мәртебесін мемлекеттік деңгейдеарттыру мақсатында 2 қазан – Техникалық жәнекәсіптік білім беру қызметкерлері күні болыпбелгіленді.
«Биыл кәсіби-техникалық білім берудідамытуға бағытталған бірқатар шара жүзегеасырылды. Колледждер шетелдік білім беру ұйымдары мен кәсіпорындармен 60-тан астамкелісімге қол қойды. Қазіргі таңда дуальді оқытужүйесіне 552 колледж қатысып, онда 132 мыңнан астам студент білім алуда.Кәсіпорындардың сұранысы бойыншамемлекеттік тапсырыс аясында оқитынстуденттер саны 43 мыңға жетті, ал 1400 үздіктүлек ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасты. 400-ден астам оқытушы мен 200 студент шетелде тағылымдамадан өтіп, озықхалықаралық тәжірибелерді енгізді. Соныменқатар, министрлік жоғары сынып түлектерінежұмысшы біліктілігін беру бойынша пилоттықжобаны іске асырды: 905 түлек бір мезеттеаттестат пен диплом алып, еңбек нарығынабірден шығу мүмкіндігіне ие болды», – депмәлімдеді вице-министр.
Форум барысында Қытай, Франция, Жапония, Германия, Беларусь және Өзбекстаннан келгеншетелдік сарапшылар кәсіби-техникалық білімберуде заманауи технологияларды енгізу, оқытушылардың біліктілігін арттыру жәнестуденттерді еңбек нарығына интеграциялаутәжірибелерімен бөлісті. Оқытуда жасандыинтеллектті қолдану, колледждерді халықаралықаккредиттеу, еңбек нарығында сұранысқа иекәсіби дағдыларды дамыту және экономиканыңқажеттіліктеріне сай кадр даярлау бағыттарынабаса назар аударылды.
Пікірталастармен қатар, Ақтөбе қаласындағыколледждер базасында практикалық сабақтармен шеберлік сыныптары өткізілді. Ондашетелдік мамандар заманауи оқытуәдістемелері мен жаңа технологияларменжұмыс істеуді көрсетті.
Өнер орталығының фойесінде өңірколледждерінің жетістіктер көрмесіұйымдастырылып, білім беру ұйымдары жаңажабдықтар мен заманауи оқу-өндірістікшеберханаларын таныстырды. Бұлқатысушыларға колледждердің материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердіңдаярлық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.
Биыл өңірде жұмысшы мамандықтарбойынша мемлекеттік тапсырыс 7 407 орынғаорналастырылды, бұл алдыңғы көрсеткіштен екіесе көп. Төрт орта арнаулы оқу орнында – Сервис, сондай-ақ, Жоғары ауылшаруашылық, Хромтау тау-кен техникалық және Жоғарыполитехникалық колледждерде «Флорист-гүлөсіруші», «Қонақ үй бизнесі», «Тамақтандырусаласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» және «Маркшейдерлік іс» сияқты жаңамамандықтар ашылды.
Жоғары политехникалық колледж жанынанқұны 1 млрд теңгені құрайтын IT-хаб салыныпжатыр. Кәсіби бағдар беру жұмыстарымен 48 мыңнан астам оқушы қамтылып, 60 мектептебейінді сыныптар ашылды. Бұл балалардыңболашақ мамандығын ертерек таңдауынасептігін тигізеді.
Сонымен қатар, екі колледжде 500 млнтеңгеден астам қаржыға күрделі жөндеужүргізілді. Ал Хромтау жоғары тау-кентехникалық, Жоғары политехникалық жәнеЕуропалық экономика, бизнес және құқықколледждері халықаралық аккредитацияданөтті. Өңірдің 28 колледжі ірі кәсіпорындардыңқамқорлығына беріліп, білім мен өндірісарасындағы байланыс нығайтылды.
Бұл нәтижелер өңірде кәсіби-техникалықбілім берудің қарқынды дамуын, оның беделініңартуын және заманауи білім беру тәжірибелерінің тиімді енгізіліп жатқанын айқынкөрсетеді.
Форумның қорытындысы ретінде өңірколледждері мен шетелдік білім беру ұйымдарыарасында ынтымақтастық туралымеморандумдарға қол қойылды. Маңызды құжаттәжірибе алмасу, халықаралық стандарттардыенгізу және бірлескен жобаларды жүзегеасыруға жаңа мүмкіндіктер ашары сөзсіз.
Осылайша, форум тәжірибе алмасу мен жаңабастамаларды талқылау алаңы ғана емес, сонымен қатар өңірдің кәсіби-техникалық білімберуді дамытудағы, колледждердіңматериалдық-техникалық базасын нығайтудағыжәне білікті жұмысшы кадрларды даярлаудағыжетістіктерін айқын көрсетті.
- 24.12.2025
- 6


