• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Proftech Talks Aktobe 2025 халықаралық форумы аясында шетелдік делегациямен кездесу өтті

Ақтөбеде Proftech Talks Aktobe 2025: «БІЛІМ. ДАҒДЫ. БОЛАШАҚ» халықаралық форумы аясында облыс әкімі Асхат Шахаровтың шетелдік делегация өкілдерімен ресми кездесуі өтті.

 Кездесуге Қытай, Германия, Франция, Беларусь, Жапония және Өзбекстан елдерінен келген білім беру саласының өкілдері қатысты.

Басқосуда аймақ басшысы Асхат Шахаров қонақтарды форумның сәтті өтуімен құттықтап, алқалы жиынның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Proftech Talks Aktobe 2025 халықаралық форумы — еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау, кәсіби білім беруді дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу бағытындағы маңызды диалог алаңы. Ол аймақта 40-қа жуық колледжде 28 мыңнан астам студент білім алатынын атап өтті. Қазіргі таңда кадрлар даярлау 94 мамандық пен 139 біліктілік бойынша жүзеге асырылып, студенттер заманауи оқу-өндірістік шеберханаларда тәжірибе жинақтауда.

Кездесу барысында шетелдік делегация өкілдері өз елдеріндегі кәсіби және техникалық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісті. Халықаралық білім алмасу үшін Қытайдың бір белдеу және жол бастамасының білім беру кеңсесінің директоры Ван Дан ханым мен механикалық кәсіптік білімнің оқу жоспары стандарттары жөніндегі ұлттық комитет директорының орынбасары Сье Юнхуа мырза кадр даярлау, мамандарды қайта оқыту, оқу орындары мен өндіріс арасындағы өзара байланыс, сондай-ақ академиялық және өндірістік тәжірибе алмасу бағыттарындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Тараптар құрылыс индустриясы, тау-кен өндіру және өңдеу, агроөнеркәсіп кешені, химия және металлургия өнеркәсібі, азық-түлік пен фармацевтикалық өнімдер өндірісі, қосылған құны жоғары өнім экспортын дамыту салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін сөз етті. Сонымен қатар, әріптестікті жүйелі түрде дамытуға арналған тиімді форматтар мен бірлескен жобаларды іске асыру жолдары қарастырылды.

Кездесу соңында облыс әкімі айтылған ұсыныстар мен пікірлер Ақтөбе облысы мен халықаралық серіктестер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға берік негіз қалайды деген сенім білдірді.

«Ақтөбе облысы кадр даярлау, білім беру және өндірістік әріптестік бағытында ашық диалог пен нақты жобаларды іске асыруға әрдайым дайын. Proftech Talks Aktobe 2025 форумы аясында басталған байланыстар алдағы уақытта нәтижелі серіктестікке ұласады деп сенеміз», — деп түйіндеді Асхат Шахаров.

 Кездесу соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

  • 26.12.2025
  • 4
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика