• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Серік Жұманғарин «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысына қатысты

Серік Жұманғарин «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Диалог алаңына мемлекеттік орган, бизнес-қоғамдастық пен салалық бірлестік өкілдері кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін бірікті.

Қазіргі уақытта мемлекет бизнесті қолдаудың 117 құралын іске асыруда. Оның 76-сы қаржылық, 38-і қаржылық емес, 3-еуі мүліктік қолдау тетіктері. Соңғы бес жылда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері саны 40%-ға артып, 2,3 млн бірлікке жеткен. Осы салада 4,5 млн адам жұмыспен қамтылған.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Қанат Ибраев Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жасақтау тетігін жетілдіре түсу мәселесін көтерді. Жүйе әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Бизнес тарапынан оған қатысты әдіснамалық және техникалық мәселер әлі де бар. Ал Тізілім келесі жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылғал отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдері Тізілімнің тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін хабарлады. Қорда бұған дейін «қазақстандық тауар өндіруші» мәртебесі барын растаған, қолданыстағы индустриялық сертификаттардың иелері болып табылатын 1 868 кәсіпорын тіркелген. Олар енді мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығына ие.

Техникалық және әдіснамалық мәселелерді жою бойынша жұмыстарды жүйенің техникалық операторы – «Электрондық қаржы орталығы» жалғастыруда.

Сауда желілері одағының өкілі Эльбеги Әбдиев тұтынушылық кредитті қысқарту шарасы шеңберінде бөлшек сауданың, әсіресе азық-түлікке жатпайтын тауар сегментінде өсу қарқынының баяулағанына назар аударды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының бағалауынша, сауданың ЖІӨ-дегі үлесінің жоғары болуы және ондағы шағын және микро бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының мол екендігі, сондай-ақ  бөлшек саудадағы сұраныстың азаюы кәсіпкерлердің өнімдерін өткізуге тікелей әсер етуі мүмкін.

Серік Жұманғарин бұл сауалға жауап бере келіп, соңғы жылдары тұтынушылық несие берудің артуы корпоративтік кредитке кері әсерін тигізгенін атап өтті. Ал 10 жыл бұрын жағдай керісінше еді. Бұл ретте сауда өзара байланысты салалар мен жұмыспен қамтудағы маңызды драйвер болып қала береді. Мемлекеттің міндеті – тұтынуды төмендетпей, ЖІӨ-нің өсуі есебінен тұтынушылық несиелеу үлесін қысқартып, қалыптасқан жағдайдан ақырындап шығу. Бұл міндеттің шешімі екінші деңгейдегі банктермен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, Ұлттық банкпен және басқа да реттеушілермен бірлесіп әзірленеді.

«Қазақстан фарммединдустрия» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов шикізат пен субстанциялардан дайын дәрі-дәрмек, медициналық бұйым, қызметке дейінгі тізбектің барлық кезеңінде денсаулық сақтау саласына бірыңғай 5% ҚҚС мөлшерлемесін  енгізуді ұсынды. Ол 2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болатынын атап өтті:

шикізат пен жабдық – 16% ҚҚС;

ТМККК және МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек – 0%;

дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар импорты және өткізу – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.

Саладағы мұндай үлгі отандық препараттардың әкімшілік шығыны мен құнын арттырады. 5% ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі әкімшілендіруді жеңілдетуге, тең бәсекелестік жағдайына және бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізудің алғашқы нәтижесі белгілі болған соң, 2026 жылғы екінші жартыжылдықта бұл мәселені қайта қарауды ұсынды.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары тізбесін кеңейту, оның шағын және бөлшек бизнес қызметіне, сондай-ақ импорттық өнім бағасына әсерін талқылады. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті бизнестің бірқатар ұсынысын ескергені атап өтілді. Олар – логистика мен сақтауға жұмсалатын шығыстар шегерімге енгізіліп, ӘМАТ-тағы жаңа позициялар тізбесі қысқартылды. Мал шаруашылығын дамыту, мұнай сервистік компанияларда жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібіндегі тариф белгілеуде сараланған тәсіл енгізу мүмкіндігі өз алдына бөлек қарастырылды. 

Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайтыны туралы шешім қабылданды. Барлық айтылған ұсыныс, проблемалық мәселе түйінделіп, мүдделі мемлекеттік органдардың, «Аманат» партиясы мен «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен одан әрі пысықтауға Үкіметтің бақылауына алынады.

  • 26.12.2025
  • 4
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика