• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Жұлдыз» арнайы балабақшасына ерекше білім беру қажеттіліктері бар 136 бала барады

Облыс әкімі Асхат Шахаров балабақшаға барып, бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін жасалған жағдайлармен танысты.

«Жұлдыз» мектепке дейінгі мекемесі психикалық дамуында ауытқуы бар және сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған. Балабақша биыл қыркүйек айында өз жұмысын бастады.

2024 жылы балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жасалды. Бұл мақсатқа 511 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін облыстық бюджеттен қосымша 30 млн теңге бағытталды.

Қыркүйек айында балабақшаға түзету-дамыту көмегіне мұқтаж, жасы 3 пен 6 аралығындағы 136 бала қабылданды. Қазіргі таңда 13 топ жұмыс істейді. Балалармен білікті мамандар – дефектологтар, логопедтер, тәрбиешілер еңбек етеді. Түзету-дамыту және оңалту сабақтары бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Балалар балабақшаға тегін барады.

Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева қысқа уақыт ішінде мекеме жұмысының айтарлықтай нәтижелері байқалып отырғанын атап өтті.

«Балалар алғаш келген кезде көпшілігі қасықты өздігінен ұстай алмайтын, кейбіріне жөргек қажет болды. Төрт айдан кейін айқын өзгерістер байқалуда: бес жастағы балалар өздері тамақтанып, өзін-өзі күту дағдыларын меңгеріп келеді. Олардың әрі қарай дамуына бағытталған жұмыс жалғаса береді», – деді ол.

Ата-аналарды қолдауға да ерекше көңіл бөлінеді. Балабақша мамандары оларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетеді. Мекемеге баратын әрбір баланы толық қолдап, әрі қарай оқуға және әлеуметтенуге дайындау міндеті педагогтер алдына қойылған.

«Қазіргі таңда мұндай мекемелерге деген сұраныс жоғары. Қазір кезекте шамамен 500 бала тұр. Осыған байланысты Есет батыр шағын ауданында 300 орындық тағы бір арнайы балабақша салынып жатыр. Оның ашылуы 2026 жылдың қазанына жоспарланған. Ал 2026 жылдың мамыр айында «Жұлдыз» балабақшасында 32 тәрбиеленуші мектепке шығарылады, содан кейін Dara Bala бағдарламасы бойынша кезектілікке сай жаңа қабылдау жүргізіледі», – деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы.

Асхат Шахаров арнайы мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы жағдай жасау өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.

«Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу үлкен эмоционалдық және физикалық күшті талап етеді. Бұл ата-аналар үшін қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Сондықтан мемлекеттің міндеті – отбасыларды қолдау және әрбір баланың қажетті көмек пен дамуға қол жеткізуіне жағдай жасау. Біз мұндай қолдаумен барлық мұқтаж балаларды қамтуға ұмтыламыз», – деді облыс әкімі.

Ерекше балалардың аналары өңір басшысына балаларына білікті қолдау мен даму мүмкіндігін жасағаны үшін алғыс білдірді.

«Менің балам - 5 жаста. Бұрын балабақшаға бармады. Ол сөйлемейді. Әлеуметтік желілерде кейбір түзету балабақшаларында не болып жатқанын көріп, қорқатынмын. Бірақ бұл жерге біз қуана келеміз. Тәрбиешілер барлық балаға мейірімді, қамқор. Балам бейімделу кезеңінен оңай өтті, төртінші күні-ақ балабақшаға қуанып жүгіріп келетін болды. Кеше жаңажылдық ертеңгілік өтті. Баламнан осыншама қуанышты эмоцияны бұрын-соңды көрмеппін. Осындай мүмкіндік пен жағдай жасағандарыңызға рахмет», – деді тәрбиеленушінің анасы.

Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігіне аса көңіл бөлінетінін алға тартты.Мектепке дейінгі мекемеде бейнебақылау жүргізіледі. Албалаларды бақылау мен қорғауды күшейту мақсатында өңірде нақты уақыт режимінде баланың қай жерде жүргенін бақылауға және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін балаларға арналған GPS-трекерлер сатып алынды.Балаларға арналған 1400 дана GPS-трекерге жалпы құны 29 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. 

«Балалардың қауіпсіздігі біз үшін маңызды. Сондықтан ата-аналар баласының қайда жүргенін әрдайым білуі үшін заманауи технологияларды қолдануымыз қажет. Осы мақсатта нақты уақыт режимінде баланың орналасқан жерін көрсететін GPS-трекерлер сатып алдық. Бұл құрылғылар төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге және ең кішкентай тұрғындарымызды қосымша қорғауға көмектеседі», – деді Асхат Шахаров.

Құрылғылар SOS батырмасымен, геоаймақ функциясымен, қозғалыс тарихымен, екіжақты байланыспен жабдықталған, сондай-ақ жеңіл әрі ыңғайлы дизайнға және ұзақ уақытқа жететін батареяға ие.

GPS-трекерлердің көмегімен баланың мектепке барар жолын, серуендерін, сапарларын бақылауға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

  • 29.12.2025
  • 8
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика