- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қымбатты отандастар сіздерді жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – өткен кезеңді қорытындылап, кемел келешекке серпін беретін мереке.
Биылғы жыл жарқын жетістіктерге толы болды. Еліміздің әл-ауқаты артып, қаржы-экономикалық тұрақтылығы сақталып, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатуға бағытталған көптеген жұмыстар атқарылды.
Алдымыздағы жаңа жылда үлкен жетістіктерге жететінімізге сеніммен қарап, нақты қадамдармен алға басып келеміз. Қазақстандықтардың әл-ауқаты мен елімізді өркендетуге бағытталған бастамалар жаңа қарқын алып, азаматтарымыздың жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шешімдер жалғаса беретін болады.
Жаңа 2026 жыл республикамыздың дамуы мен көркеюіне жол ашатын, халқымыздың ынтымағы мен байқуаттылығын нығайтатын игілікті жыл болсын!
Жаңа жыл әр шаңыраққа толайым табыс пен бақ-береке алып келсін!
- 31.12.2025
- 15


