• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде қаламгерлерге «Қазына» гранты табысталды

Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Жазушылар одағының өңірдегі мүшелеріменкездесті. Басқосу әдебиет пен руханиятты дамыту, шығармашылық иелерін қолдау және алдағы жоспарларды талқылауға арналды.

Аймақ басшысы өз сөзінде келелі кездесудің мән-маңызын айқындап, 2025 жылы мәдени-рухани салада атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

Биыл Ақтөбеде дәстүрлі «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдебиет форумы халықаралық деңгейде өтті. Форум қазақ әдебиетінің қоғамдағы рөлі мен шығармашылықтың рухани маңызын талқылайтын маңызды алаңға айналды.

Ұлт үшін еңбек етіп, мәдениет пен әдебиеттің дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларды ұлықтау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Соңғы екі жылда Әнуар Әлімжанов, Қасым Қайсенов, Сафуан Шаймерденов, ӘбуСәрсенбаев сынды қаламгерлердің есімдері көшелерге берілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сараланған «Тарихи тұлғалар» тізімі негізінде Нұрпейіс Байғанин, Өтебай Қанахин, Рәбиға Сыздық, БәкірТәжібаев, Сағи Жиенбаев сынды тұлғалардың есімдері көшелер мен нысандарға берілді. Алдағы уақытта Өтежан Нұрғалиев пен Сәбит Баймолдин есімдерін ұлықтау жұмыстары жалғасын табады.

Өткен жылдары Сағи Жиенбаев, Қуандық Шаңғытбаев, Үмбетбай Уайдин, Тобық Жармағамбетов сынды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің, қазақтың батыр қызы Әлияның мерейтойлары аталып өтті. Алдағы жылы Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығы мен Ахмет Жұбановтың 120 жылдығын кең көлемдеөткізу жоспарланып отыр.

Жас буынға рухани азық беретін қаламгерлердің шығармашылық кештері, кітап тұсаукесерлері, кітапханалар мен оқу орындарындағы кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Табылды Досымоватындағы байқау, «Ер Едіге» жыр мектебісынды жобалар да мәдениет пен өнерге көрсетілген нақты қолдау деуге болады.

 «Бұл бастамалардың барлығы – ұлттық мәдениетті дамытуға, қазақ әдебиетінің әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі. Киелі Ақтөбе топырағынан шыққан қаламгерлер қазақ әдебиетінің биігіне қомақты үлес қосып келеді. Сол игі дәстүрді жалғастырып жүрген бүгінгі қаламгерлерге қолдау көрсету алдағы уақыттада жалғаса береді. Қаламгерлердің қоғамдағыорны мен жауапкершілігі әрдайым жоғары. Сіздер қоғамдық үдерістердің сарапшысы, халықтың ойы мен мұңын жеткізетін зиялы қауым өкілісіздер. Сондықтан жас ұрпақтыұлттық рухта тәрбиелеу, рухани бағдар беру – ортақ міндетіміз деп білемін», - деп өңір басшысы сенім білдірді.

Жиында аға буын атынан ақын, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясыныңакадемигі Нұрлыбек Қалауов, ал жас қаламгерлер атынан ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Қожабекова сөз сөйледі. Айтуларынша, әдебиет пен руханиятқа көрсетіліп отырған қолдау орасан.

Кездесуде сөз алған ҚЖО облыстық филиал төрағасы Бижан Қалмағанбетов шығармашылық қауым мен өңір басшылығы арасындағы ашық диалогтың өрбуіне ықпал етті.

Кездесуге қатысқан ҚЖО мүшелерінің әрқайсысына облыс әкімінің арнайы «Қазына» гранты тағайындалып, қолдау көрсетілді.

  • 05.01.2026
  • 13
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика