• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеліктер Жаңа жылды қаланың басты алаңында жарқын көңіл күймен қарсы алды

«Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алдындағы алаңда Жаңа жылға арналған басты мерекелік шара өтті. Үміт пен жаңаруға толы жаңа жылдың қуанышын бірге сезіну үшін мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары мұнда жиналды.

Жаңажылдық концерттік бағдарламаны ақтөбеліктермен бірге өңір басшысы Асхат Шахаров тамашалады.

Мерекелік бағдарлама «Ақтөбеге Жаңа жыл келді» әнімен ашылды. Концерт лазерлік шоу және Атыраудан келген балет әртістерінің би қойылымдарымен сүйемелденді. Кеш бойы жүргізушілер көрермендерді интерактивті ойындарға тартып, мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Бағдарламаның маңызды сәттерінің бірі 2025 жылдың қорытындыларына арналған бейнеролик болды. Заманауи технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен көрермендер ел мен қаланың негізгі жетістіктерімен танысты. Атап айтқанда, экономиканың өсуі, тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар мен қоғамдық кеңістіктердің салынғаны айтылды. 2025 жыл Ақтөбе үшін табысты жыл болды – қалада жаңа саябақтар мен скверлер ашылып, мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталды.

Көрермендердің ыстық ықыласына ие болған музыкалық блок қала тарихының әр кезеңіне арналды. Ақтөбенің 50–70, 80–90 және 2000 жылдардағы архивтік бейнекадрлары көрсетіліп, «Қайықта», «Ақсәулем» және «Айналдым Ақтөбем» әндері шырқалды.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Рахымжан Жақайым, BYTANAT және Amre (Бүркіт) өнер көрсетті. Олардың өнерін «Әлия-Гүлі» балетінің би қойылымдары толықтырды.

Кештің шарықтау шегі Аяз ата мен Ақшақардың сахнаға шығуымен жалғасты. Олар ақтөбеліктерді Жаңа жылмен құттықтап, әр шаңыраққа бақ-береке мен тыныштық тіледі. Жаңа жылдың символы – Жылқы жылы елге молшылық пен тұрақтылық әкеледі деген тілектер айтылды.

Түнгі сағат 00:00-де алаңға жиналған жұрт Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауын тікелей эфирде тамашалады. Бұл сәт мерекеге жиналғандарды ерекше біріктірді.

Қала тұрғындары бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

«Әр үйде береке, отбасында татулық, жүректе тыныштық болсын. Туған Ақтөбемізге амандық пен өркендеу тілеймін», – деді қала тұрғыны Амантай аға.

Отбасымен бірге алаңға келген ақтөбелік Ақсәуле Өмірзақова жерлестеріне денсаулық пен армандардың орындалуын тіледі.

Мереке соңында тұрғындар ән айтып, би билеуді жалғастырды. Кеш «Жаңа KZ» ұжымының орындауындағы «Ақтөбем» әнімен мәресіне жетті. Қаланы жарқырата безендірген мерекелік отшашу астында ақтөбеліктер жаңа жылға тілектерін тіледі.

Ақтөбедегі Жаңа жыл мерекесі бірлік пен қуанышқа толы көңіл күйде өтіп, қала тұрғындарының жүрегінде жарқын естелік болып қалды.

  • 05.01.2026
  • 13
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика