- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Өңір басшысы әкімдер мен басқарма басшыларын қабылдады
2026 жылдың 2–3 қаңтар күндері облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекетті, сондай-ақ, аудан әкімдерін және басқарма басшыларын қабылдады. Қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары да қатысты.
Кездесулер барысында өңірдің былтырғы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талданды. Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары қойылған міндеттердің орындалуы және қол жеткізілген көрсеткіштер туралы баяндады.
Президенттің тапсырмаларын іске асыруға ерекше назар аударылды. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Талқылау барысында жекелеген салалардың дамуын тежеп отырған проблемалық мәселелер айқындалып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Жүйелі тәсілдің қажеттілігіне, ведомствоаралық өзара іс-қимылға және басшылардың жұмыс нәтижелері үшін жеке жауапкершілігіне назар аударылды.
Кездесулер қорытындысы бойынша облыс әкімі Асхат Шахаров 2025 жылы өңірде елеулі нәтижелерге қол жеткізілгенін алға тартты. Атап айтқанда, ауылдық инфрақұрылым жаңғыртылды, елді мекендерді газдандыру ауқымы кеңейтілді, заманауи мектептер мен медициналық мекемелер ашылды, жолдар мен әлеуметтік сала нысандары жақсартылды.
Өңір басшысы қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, жобаларды іске асыруға бақылауды күшейтуді және нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.
- 05.01.2026
- 11


