• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2026 жылғы ақпаннан бастап мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі Энергетика министрлігі бизнесті тіркелуге шақырады

Астана, 15 қаңтар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылғы ақпан айынан бастап мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау енгізілетіні туралы хабарлайды. Аталған шара «Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» тиісті бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңа құқықтық талаптарға уақтылы дайындалу мақсатында өндірушілерге, импорттаушыларға, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудамен айналысатын нарық қатысушыларына Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркеу рәсімінен өту қажеттігі ескертіледі. Нарық қатысушылары үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділік https://tanba.markirovka.kz ресми веб-ресурсы арқылы қамтамасыз етілді.

Жаңа реттеу тетігін енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап көрсетілген мерзімнен кейін өндірілген немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген мотор майлары міндетті цифрлық таңбалауға жатады. Ал тауар қозғалысын жеткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде толық қадағалау режимі 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізіледі.

Аталған жаңашылдықтың негізгі мақсаты – нарықтағы ашықтықты арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі уақытта сатылып жатқан мотор майларының едәуір бөлігі көлеңкелі айналымда болуы мүмкін. Жосықсыз жеткізушілер контрафактілік өнімді құю кезінде танымал брендтердің түпнұсқа қаптамасын пайдаланып, жалған өнімді сыртқы белгілері бойынша түпнұсқадан ажырату мүмкін болмайтындай етіп ұсынады. Мұндай сапасыз өнімді пайдалану автокөлік иелері үшін қозғалтқыштың істен шығуына және едәуір қаржылық шығындарға әкелетін қауіп төндіреді.

Data Matrix сәйкестендіру құралдары арқылы цифрлық таңбалауды енгізу осы мәселелерді шешуге бағытталған. Әрбір канистрге көшіріп алу немесе қайта пайдалану мүмкін болмайтын бірегей цифрлық кодтың берілуі өнім айналымын толық бақылауға мүмкіндік береді. Аталған механизм әрбір тауардың – зауыттан немесе шекарадан бастап дүкен сөресіне дейінгі қозғалысын ашық әрі қадағалануын қамтамасыз етіп, контрафактілік өнімді сатып алу тәуекелін азайтады.

  • 16.01.2026
  • 9
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

Ақкенженов Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика