- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
ЖАҢАӨЗЕНГЕ БӨЛІНГЕН ГАЗДЫ ҚАЛАДАН ТЫСҚАРЫ АЙМАҚҚА АЛЫП КЕТУ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңаөзен қаласының әкімдігі жанынан құрылған сұйытылған газды бақылау жөніндегі арнайы тобы кеше "N —Gaz Service" ЖШС—іне тиесілі газ тасымалдайтын автокөліктің Жаңаөзен қаласына бөлінген электронды сауда алаңы (ЭСА) арқылы жеңіп алған 15 тонна газды қаладан тысқары аймаққа алып бара жатқан дерегін анықтады. Жаңаөзенге бөлінген газды аталған ЖШС облыстағы басқа жерде орналасқан газ құю бекетіне сату үшін алып кеткен.
Сол бойда тиісті мекемелермен бірлесіп акт жасақталып, материалдар құзырлы мекемелерге жедел түрде жолданды. Мәселе заң аясында қаралып, жауапты органдармен шешімдер қабылданатын болады, ол туралы және бұған дейінгі анықталған деректер бойынша тұрғындарға алдағы уақытта хабарланатын болады.
Жаңаөзен қаласына бөлінген лимит толығымен қала және іргелес ауылдық елді—мекендерге дер кезінде жеткізіліп отырылса, сұйытылған газға тапшылық және ұзын-сонар кезк орын алмайды, сондықтан арнайы бақылау тобы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізе бермек.
- 25.03.2021
- 274