• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында экономикалық өсім – 106% деңгейінде тіркелді

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде 2025 жылға арналған өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, басқарушылық шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелер айқындалды. Жиынға қала және аудан әкімдері, барлық салалық басқарма басшылары қатысты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатовтың айтуынша, өңірде тұрақты макроэкономикалық ахуал сақталған: экономикалық өсім 106%-ды құрап, барлық жеті негізгі көрсеткіш 100%-дан асты. Атап айтқанда, өнеркәсіптегі өсім – 103,7%, ауыл шаруашылығында – 102,5%, құрылыста – 117,5%, көлікте – 110%, саудада – 107,9% деңгейінде тіркелді.

Пайдалануға 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй берілді, құрылыс жұмыстарының көлемі 469 млрд теңгеге жетті, ал өңірге тартылған инвестициялар 132,4%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты.

«Талдау нәтижесінде инвестициялар тарту бойынша Мұғалжар ауданында, ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі негізінде Ырғыз, Қобда, Алға және Хромтау аудандарында төмендеу анықталды. Жекелеген салалардағы төмендеу бірқатар кәсіпорынның уақытша тоқтауына, ірі жобалардың аяқталуына және сыртқы экономикалық факторларға байланысты. Құрылыста да жаңа инвестициялық жобалардың болмауына байланысты жұмыс көлемінің азаюы байқалады», – деді басқарма басшысы.

Кеңесте «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға баса назар аударылды. 2025 жылы 33 ауылдық елді мекенде жалпы сомасы 11,3 млрд теңгені құрайтын 53 жоба қолдау тапқанымен, олардың тек 44-і ғана пайдалануға берілген. Оның ішінде 15 әлеуметтік нысан, 61 шақырым жол және 10 шақырым инженерлік желі бар. Облыс әкімі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатты уақытылы игеруі мен жобалардың орындалуын бақылау бойынша жеке жауапкершілігін атап өтті.

Қаржы басқармасының басшысы Ерік Тұрсынғалиевтің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысында облыстық бюджеттің меншікті кірістері 311,3 млрд теңгені құрап, 296,8 млрд теңге көлеміндегі жоспардан 104,9%-ға асып түскен және былтырғы жылмен салыстырғанда 8,3%-ға артқан. Артық орындалу корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салықтар, акциздер, қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлемдер және жер учаскелерін сатудан түскен кірістер есебінен қамтамасыз етілді.

Аймақ басшысы Асхат Шахаров 2026–2030 жылдарға арналған облыс пен аудандардың даму жоспарлары бюджетке және өңірдің рейтингіне тікелей әсер ететінін алға тартты. Оның сөзіне сүйенсек, бұл жоспарлардың сапалы іске асуы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне, инвестициялық тартымдылыққа және халықтың өмір сапасына ықпал етеді.

Облыс әкімі барлық деңгейдегі басшыларға стратегиялық құжаттардың орындалуын жеке бақылауда ұстап, тұрақты мониторинг жүргізуді және жобалардың кешігуіне жол бермеуді тапсырды.

«Әрбір басшы өз жұмысының нәтижесіне жеке жауап береді, кез келген сылтау қабылданбайды. Экономикалық өсім, жаңа жұмыс орындары мен инвестиция тарту – халық әр аудан мен қалада көруі тиіс нақты нәтиже. Біз қағаздағы көрсеткіштерді емес, әлеуметтік тұрақтылықты, табыстың өсуін және кәсіпкерлікті қолдауды ойлауымыз керек. Су, жол, тұрғын үй, инфрақұрылым – бұл адамдардың күнделікті қажеттілігі, сондықтан барлық жобалар сапалы әрі уақытында орындалуы тиіс. Ал 2026 жылы басқарудың тиімділігін арттырып, тұрғындар үшін нақты әрі сезілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті міндетті түрде қолдануымыз қажет», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол аудан, қала және салалық басқарма басшыларына бюджеттік және стратегиялық бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылауды, қаражатты уақытылы әрі мақсатты игеруді, жобаларды іске асыру кестесінен ауытқуларды жоюды тапсырды.

Шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қолдауға, салық базасын кеңейтуге, жеке және шетелдік инвестицияларды тартуға ерекше көңіл бөлу қажет. Басшылар атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылап, проблемаларды жедел шешіп, нақты нәтижелер туралы ақпарат беріп отыруы тиіс. Тапсырмаларды орындамағаны, жұмыстың сапасыздығы немесе жобалардың кешігуі үшін қатаң тәртіптік шаралар қолданылады.

  • 21.01.2026
  • 4
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика