• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбедегі ғасырлық тарихы бар колледж қайта жаңарды

Өңір басшысы Асхат Шахаров құрылыс-техникалық колледжге барды

Колледж ғимараты 1964 жылы салынған. Былтырғы жылы оқу орнында оқу кабинеттері жаңартылып, инженерлік коммуникациялар ретке келтірілді, ғимарат айналасы абаттандырылып, материалдық-техникалық база жаңартылды.

Колледж директоры Гүлден Есенғалиева оқу орнында 680 студент білім алатынын, олардың 45 пайызы дуалды оқыту жүйесі бойынша оқитынын айтты. Колледжде бес бағыт бойынша мамандар даярланады: бағдарламалық қамтамасыз ету, электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, дәнекерлеу ісі, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану. Түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі – 88 пайыз.

Облыс әкімі жаңартылған оқу кабинеттерін, шеберханалар мен оқу зертханаларын аралап көріп, оқытушылармен әңгімелесті, сондай-ақ колледжді одан әрі дамыту және кәсіби даярлықтың сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Колледжде 34 жыл еңбек еткен педагогика ардагері Күлхан Ешманова осы жылдар ішінде оқу орнының қалай өзгергені жөнінде айтып берді.

«Орта кәсіби білім беру жүйесіндегі ұзақ жылдық педагогикалық тәжірибемде көп нәрсені көрдім. Әртүрлі қиындықтарды еңсеруге тура келді. Бұрын үлкен қиындықтар болды, көптеген училище жабылды. Бұл колледж де талай кезеңнен өтті, бірақ бүгінде табысты жұмыс істеп, білікті мамандарды даярлауды жалғастырып келеді. Ол үшін қомақты жұмыс атқарылып жатыр. Қуантатыны – жас ұрпақтың заманауи жағдайда білім алып, алған білімін бірден тәжірибеде қолдануға мүмкіндігі бар. Ал бізге, ардагерлерге, әрдайым құрмет көрсетіледі: түрлі іс-шараларға шақырады, тәжірибеміз бен білімімізді бағалайды», – деді Күлхан Ешманова.

Асхат Шахаров өңірде кәсіби білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.

«Бүгінде колледжде білім алуға қолайлы жағдайлар жасалған, бұл – студенттер үшін аса маңызды. Әрине, көпшілігі басшы болуды армандайды, алайда өңірге білікті жұмысшы мамандар да қажет. Сондықтан біздің міндетіміз – еңбек нарығында сұранысқа ие, құзыретті кадрларды даярлау. Биыл өз білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға дайын 300 маманды түлетуді жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.

  • 26.01.2026
  • 5
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика