• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2026 жылы өңдеу өнеркәсібі ЖІӨ өсімінің драйверіне айналады

Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың биылғы бірінші отырысы өтті. Онда 2026 жылғы экономикалық дамудың жоғары қарқынын қолдау құралдары негізгі талқылау тақырыбына айналды.

2026 жылғы негізгі бағыт – өңдеу өнеркәсібін ЖІӨ-нің өсу көзінің бірі ретінде дамыту. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әр секторға қатысты шараларды егжей-тегжейлі пысықтай отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытудың жол картасын әзірледі.

Экономикалық штаб отырыстарында саланың экономикадағы жүйелік рөлін ескере отырып, саладағы әрбір бөлікті жекелей, әлсіз жағы мен шектеулерді, өсудегі кедергілерді талдай отырып қарау туралы шешім қабылданды.

Проблемаларды және даму әлеуетін кешенді талқылау үшін экономикалық штабтың жұмысына салалық қауымдастықтар мен нарықтағы ірі қатысушылар тартылмақ.

Өңдеу өнеркәсібінің шамамен 40%-ын құрайтын металлургияға ерекше назар аударылуда. 2026 жылы металлургиядағы нақты көлем индексі (НКИ) түсті және қара металлургияны дамыту есебінен 103% деңгейінде болжанып отыр. Металлургияның елеулі үлесі саудада да сақталуда. Ол – шамамен 5%. Бұл өндірістің нақты көлемін ұлғайту есебінен сауда айналымының өсуіне қосымша үлес қоспақ.

Машина жасауда да тұрақты өсім болжануда. Ол 2026 жылы 13,4% болуы мүмкін. Атап айтқанда, жеңіл автомобиль, жүк және арнайы техника, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы, ашық вагон, теміржол платформасы мен тұрмыстық техника шығаруды ұлғайту арқылы жүзеге асырылады.

Химия өнеркәсібінде қолданыстағы және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 7%-ға өсім күтілуде.

Құрылыс материалын өндіруде 6% деңгейіндегі өсімге портландцемент, керамикалық плитар, темірбетон бұйымы мен тауарлық бетон өндірісін ұлғайту есебінен қол жеткізу жоспарлануда.

Құрылыс саласы 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көрсеткішке жетіп, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Вице-премьер ӨҚМ мен өңірлердің алдына 2026 жылы да белгіленген қарқынды сақтау міндетін қойды.

Биыл саудадағы нақты көлемді +6,5%-дан кемітпеу мақсаты қойылды. Оған жету үшін айналым мен экспортты кеңейтудің құрылымдық факторына баса назар аударылады. Бұл – АӨК өнімін, оның ішінде астықты сыртқы көтерме сауда нарығына жеткізуді ұлғайту, ел ішіндегі азық-түлік және азық-түлік емес тауар өндірісін ұлғайту.

Саудадағы НКИ-ді өсірудің негізгі драйвері ретінде ұйымдасқан көтерме буынды дамыту қарастырылып отыр. Биылдан бастап өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері арасында тікелей жеткізуді қамтамасыз ететін көтерме B2B электрондық сауда алаңдары толық іске қосылады. Отандық тауарды өткізу нарығы кеңеюде. Осы жылы баға белгілеудің ашықтығын арттыруға, артық делдалды қысқартуға және бизнес үшін болжамды жағдайды қалыптастыруға бағытталған көтерме сатып алу стандарты енгізіледі.

Сауда кеңістігінің кемінде 30%-ын қазақстандық өнімге міндетті түрде бөлуді көздейтін жаңартылған ішкі сауда ережесі отандық өндіруші үшін қосымша ынталандыру болмақ. Сондай-ақ, оған көлеңкелі тауар айналымының негізгі көзі ретіндегі нарықтың қызметін лицензиялау мен ретке келтіру, жеткізілім тізбегін цифрландыру мен қадағалау шаралары да елеулі үлес қосады.

Көлік және қоймалау саласында да жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Бірінші тоқсанда 6,1%-ға өсу болжануда. Бұл ретте 305,3 млн тонна болатын (+13,3%) жүк тасымалы мен 496,6 млн адам құрайтын (+12,2%) жолаушы тасымалы бірдей үлес қоспақ. Жыл қорытындысы бойынша саладағы өсім +9,6% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу 11 мың шақырым автожолды жөндеу, «Қызылжар-Мойынты» және «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желілерінің құрылысын аяқтау, Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайларын іске қосу, теміржол және аэровокзалдарды жаңғырту, сондай-ақ көлік паркін жаңарту есебінен жоспарлануда.

Отырыс соңында вице-премьер өңірлерге бюджетті қатаң шоғырландыру жүріп жатқан жағдайда экономиканың негізгі салалары бойынша өсу қарқынын төмендетіп алмауды тапсырды. Сондай-ақ, жарияланып отырған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында экономиканың тиісті секторының экономикалық дамуына ерекше назар аударылатыны атап өтілді.

  • 28.01.2026
  • 5
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика